Шымкент полициясының баспасөз хатшысы өзіне қол жұмсамақ болған

Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева өзіне қол жұмсамақ болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 5 сәуірде болған. Одан бір күн бұрын Мөлдір Бекеева Facebook-парақшасында қоштасу жазбасын қалдарған. Жазбада ол мұндай қадамға қалалық ПД басшылығының қысымы итермелегенін айтқан. Оның айтуынша, оған Шымкент қалалық ПД-ның жаңа басшысы Қайрат Дәлбеков журналистерді «тамақтандыруды» ұсынған көрінеді. Бекееваның айтуынша, бұдан бас тартқаннан кейін оның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ол бұлай өмір сүре алмайтынын айтып, отбасымен, достарымен және әріптестерімен қоштасқан.

Кейін бұл жағдайға қатысты Шымкент қалалық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, Мөлдір Бекееваға қатысты соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 378-бабы «Билік өкілін қорлау» бойынша жүргізіліп жатыр.

«Наурыздың аяғында Youtube-те Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы (Мөлдір Бекеева — еск.) полиция қызметкеріне балағат сөздер айтты деген жазба пайда болды. Осыған байланысты Шымкент қалалық ПД басшысы ішкі тексеріс тағайындады. Нәтижесінде Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері баспасөз қызметі басшысымен әңгімесін жазып алған полицейді анықтады. Қызметкер қарт ата-анасының жалғыз асыраушысы болғандықтан, жұмысын сақтап қалу үшін былтыр желтоқсанда осы әңгімені жазып алғанын түсіндірді. 

Штабтың Жедел басқару орталығының офицері және маманы бола тұра, ол бұрынғы ПД басшысының бұйрығы бойынша баспасөз хатшысының қолбасшылығына жіберілген. Ал ол өз кезегінде, оны күнде келеңсіздікке ұшыратып, балағаттап, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған. Бұл ретте Бекеева жұмыстан шығарамыз деп қорқытқан. Кейін ол бұл жазбаны WhatsApp желісінде бөліскен, ал өзі моральдық және психологиялық қысымға төтеп бере алмай, ауруханаға түсті», — делінген Өзіндік қауіпсіздік басқармасы хабарлмасында.

Бұл полицейдің сөзін баспасөз қызметі мен кадр жұмысы, сондай-ақ бес жүргізуші қолдап, растағаны атап өтілді. Олардың бәрі Бекеева ПД баспасөз қызметін басқарған 10 ай ішінде жұмыс істегені белгілі болды.

«Содан кейін Жедел басқару орталығының қызметкері қылмыстық іс қозғау туралы хаттама толтырды. Оның хабарламасы ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы «Билік өкілін қорлау» бойынша тіркелді. Өтініш бойынша соталды тергеуді анықтау бөлімі жүргізеді. Ал Қаратау аудандық полиция бөлімінде өзіне қол жұмсау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталы тергеу басталды», — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қазір Мөлдір Бекеева ауруханада жатыр.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...