Шымкент ПД баспасөз хатшысына қатысты соталды тергеу тоқтатылды

Өзіне қол жұмсамақ болған Шымкент полициясының баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваға қатысты соталды тергеу тоқтатылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мөлдір Бекееваға Шымкент қалалық ПД Жедел басқару орталығы қызметкерін балағаттап, дауыс көтерді деген айып тағылған. Оның үстінен «Билік өкілін қорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда қазір полиция бұл іс дұрыс сараланбағанын мойындаған. Айта кетейік, Мөлдір Бекеева осы қылмыстық істен кейін өзіне қол жұмсамақ болғаны айтылған еді.

«Соталды тергеп-тексеру барысында ЖБО қызметкері мен оның басшысы арасындағы жанжал Қылмыстық кодекстің 131-бабы «Қорлау» бойынша екені анықталды. Осыған байланысты соталды тергеу тоқтатылды. ЖБО қызметкеріне азаматтық тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар екені туралы түсініктеме берілді», — деді Шымкент полициясы өкілдері.

Сондай-ақ, өзіне қол жұмсауға әрекеттену дерегі бойынша тағы бір қылмыстық іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілгені атап өтілді.

«Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі басшысының өзіне қол жұмсау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру материалдарын Қаратау аудандық полиция бөлімі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жіберді», — деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева өзіне қол жұмсамақ болғаны хабарланған болатын. 5 сәуірде Мөлдір Бекеева Facebook-парақшасында қоштасу жазбасын қалдырған. Жазбада ол мұндай қадамға қалалық ПД басшылығының қысымы итермелегенін айтқан. 

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...