Щучинскіде өртенген базардан ер адамның денесі табылды

Бүгін, 18 мамыр күні сағат 04-50-де Ақмола облысы, Бурабай ауданының Щучинск қаласында «Жомарт» базарының бір қабатты жеке тұрған ғимараты өртенді.

Өртті сөндіруге 97 өрт сөндіруші жіберілді, — деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жалын 1700 шаршы метр аумақты шарпыған. Ал ғимараттың жалпы ауданы 3000 шаршы метр. 45 минут ішінде өрт сөндірушілер өртті оқшаулап, жалынның таралуына жол бермеді. Осылайша екі сағат ішінде өртті толығымен сөндірді.

«Өрт сөндіру барысында ер адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол базардың күзетшісі болуы мүмкін. Қазіргі таңда анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Өрт орнында өрт-техникалық зертханасының өкілдері мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 97 қызметкері мен 25 техника, жергілікті атқарушы органдардың үш қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылды»,- делінген хабарламада.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Өрт болған жағдайда дереу 101 нөміріне қоңырау шалыңыз.

В учреждении №74 состоялись соревнования по национальной игре «Арқан тарту»

В рамках спортивных мероприятий среди осужденных, посвященных VI Всемирным...

«Шекарасыз оқу» жобасы аясында тәрбие жұмыстары өткізілді

«Шекарасыз оқу» жобасы аясында сотталғандар арасында тәрбиелік мәні бар...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Тіл – халықтың рухани болмысын, тарихи жадын және ұлттық...

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне арналған құқықтық сағат

Ақмола облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Ш....

Правовой час для студентов Кокшетауского университета имени Ш. Уалиханова

Представителем Уполномоченного по правам человека по Акмолинской области проведен...