Шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді

Бибісара Асаубаева. Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті өкілі айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 17 жасында ең жас әлем чемпионы атанған Бибісара осы ұйымның арнайы сертификатына ие болған.

«Қазақстандық Бибісара Асаубаева (2004 жылы 26 ақпанда дүниеге келген) — блицтен әйелдер арасында ең жас әлем чемпионы. Бибісара 2021 жылғы 30 желтоқсанда Польшаның Варшава қаласында блицтен әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында 17 жасында жеңіске жетті», — делінген ресми құжатта.

Еске салайық, бұған дейін 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанғаны хабарланған болатын. 

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...