Ресейде белгісіз тікұшақтар мұнай базасына оқ жаудырды

Ресейдің Белгород қаласындағы мұнай базасында өрт шықты. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Белгород губернаторы Вячеслав Гладков мәлімдеді. Саясаткер әуе соққысына Украина қарулы күштерін айыптады.

«Мұнай базасында Украина қарулы күштері екі тікұшағының әуе соққысы нәтижесінде өрт шықты. Олар Ресей аумағына төмен биіктікте кірген. Зардап шеккендер жоқ», — деп жазды губернатор Telegram-арнасында.

«Төтенше жағдайлар министрлігі өртті тез арада ауыздықтауға тырысып жатыр. Оқиға орнына барлық төтенше жағдайлар қызметі аттанды, 170-тен астам адам және 50 техника жұмылдырылды. Өртті жою шаралары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға қауіп жоқ», — деп жазды ол.

Губернатордың айтуынша, екі қызметкер зардап шеккен. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген, өміріне қауіп жоқ. Сондай-ақ, ол Почтовая, Макаренко және Константин Заслонов көшелеріндегі тұрғындарды «қауіпсіз жерге» көшіру басталғанын айтты.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...