Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті билік мәліметінше, зымырандар тұрғын үйлер мен балабақшаға түскен. Украина үкіметі шабуыл қайталануы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. 

Киевтегі жарылыстар Беларусьтен зымырандардың ұшырылғаны туралы ақпарат келгеннен кейін болған. Зымырандар көп қабатты тұрғын үйдердің біріне түсіп, салдарынан бір адам қаза тапқан. 

“Достар, Шевченко ауданында бірнеше жарылыс болды. Құтқарушылар мен жедел жәрдем оқиға орнына келді. Жарақат алғандар өте көп, қазір үйінділердің астында қалған тұрғындарды құтқаруға атсалысып жатырмыз”, – дейді Киев мэрі Виталий Кличко. 

Киевте оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйінді астынан 7 жасар қызды және оның 36 жастағы анасын алып шыққан. Әйел – Ресей азаматы. Алайда қыздың әкесі көз жұмған болуы мүмкін дейді олар. 

Украина президентінің кеңсесінің хабарлауынша, ресейлік әскерлер Украинаның инфрақұрылымдық нысандарына, сондай-ақ Чернигов, Харьков, Луганск және Донецк облыстарындағы тұрғын үйлерге шабуыл жасаған. Бұған дейін сенбі күні Ресей Ровно облысының Сарный қаласындағы азаматтық инфрақұрылымға жасаған шабуыл салдарынан төрт адам көз жұмды. 

Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестович Киев тұрғындарын сақ болуға шақырды. Оның айтуынша, Ресей Киевке және Украинаның басқа қалаларын оқ атуын жалғастыруы мүмкін.

Тұрғын үйлерден бөлек зымырандардың бірі балабақша аумағына түскен. Бұл туралы Украинаның ішкі істер министрі Антон Геращенко мәлімдеді. 

ӘРПК-нің ерекшеліктері

Қазіргі таңда мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынаста заңдылық пен...

Almaty Superski: Алматыдағы тау туризмін дамытудың жаңа кезеңі

Алматының таулы аймақтары туризмді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде...

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жыл өтті....

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ МО ЯНЬ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі қытай жазушысы Мо...

№68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді. Жиынға...