ҚР Қаржы вице-министрі тағайындалды

Ильдар Қазғанбаев Қазақстанның қаржы вице-министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазғанбаев Эльдар Шәмілұлы Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Эльдар Қазғанбаев 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қаржы академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы коммерциялық банкте әкімшілік департаментінің персоналмен жұмыс жөніндегі басқармасында тағылымгер ретінде бастады.

2001-2006 жылдары банк секторында жұмыс істеді.

2006-2007 жылдары — «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жобаларды қарау басқармасының бас менеджері, басқарушы директор кеңсесінің фронт-менеджері.

2008-2010 жылдары — «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарушы директоры.

2011-2018 жылдары — Ақпараттық-есептеу орталығы директорының орынбасары, директоры.

2018 жылғы қазан айынан бастап «Электрондық қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...