Президент зияткерлік меншік туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, заң осы құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың және патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге арналған. Сондай-ақ құжатта зияткерлік меншік құқықтары мен өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғауды күшейту мәселесі қарастырылған.

Заңда ұлттық заңнама нормаларын осы саладағы халықаралық ұстаным мен тәжірибелерінің ережелерімен сәйкестендіруге қатысты да нормалар бар. Сонымен қатар, енгізілген өзгерістер мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу аясын кеңейтуге де бағытталып отыр.

Алдағы уақытта осы заң елімізде зияткерлік меншік нарығын дамытуға, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді деген сенім бар. Сондай-ақ заң халыққа мемлекет кепілдік берген заң көмегін 2025 жылға қарай 2 есеге ұлғайту жөніндегі міндетті шешу ұсынылады. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...