Президент ТМД елдерінде қос азаматтықты анықтауға көмектесетін жаңа заңға қол қойды

Бүгін, 1 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дербес деректер алмасу саласына қатысты жаңа заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысы «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, ТМД елдерінен азаматтығының бар-жоқтығы туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін келісім 17 наурызда сенатта ратификацияланған болатын.

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаевтің сөзінше, жаңа шара Қазақстандағы және ТМД басқа елдеріндегі қос азаматтық фактілерін анықтау бойынша жұмысты тиімдірек жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар келісім басқа елде алынған жеке басын куәландыратын құжаттар жоғалған жағдайда тұлғаның жеке басын растау үшін қосымша жағдайлар жасайды, сондай-ақ адамның шетелде тұрғылықты жерін анықтауға көмектеседі.

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...