Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның биылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңдегі міндеттері туралы мәлімет берілді. Ермек Сағымбаев Президентке қылмыстық істерді, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылығына қатысты істерді тергеп-тексеру барысы жөнінде баяндады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қабылдаған шаралардың нәтижесінде 1769 қару, 273 граната және 49 303 оқ-дәрі, соның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар заңсыз қолданыстан алынды.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес аясында 6 есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылып, 10 халықаралық және 11 өңірлік есірткі каналы жойылды. 404,5 кг көлемінде есірткінің бірнеше түрі мен 2 тоннадан астам прекурсор тәркіленді.

Мемлекеттік шекараны қорғау саласында тәртіп бұзған 2225 адам ұсталды. 500 миллион теңгеден астам сомадағы валютаның, құны 1,3 миллиард теңге болатын халық тұтынатын тауарлардың және жалпы сомасы 25 миллион теңге болатын жанар-жағармайдың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды.

Аумақтық су жүйелеріне қатысты 57 заң бұзушының әрекеті тоқтатылды, 98,7 шақырым браконьерлік заттар тәркіленді. 500 миллион теңгеден астам ықтимал шығынның жолы кесілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК органдарының жұмысын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...