Павлодарда мектептегі өрт аумағы 5 есеге ұлғайды

Павлодарда мектептегі өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, білім беру мекемесі ғимаратының шатырындағы өрт аймағы ұлғайған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Шатырдағы жану алаңы алдын ала мәлімет бойынша — 1200 шаршы метр. Өрт тарап кеткен, жанғыш жүк, түтін және өрттің кеш анықталуына байланысты сөндіру кезінде жағдай қиындады. Өздері сөндіруге тырысқан болса керек. Барлық күш пен құрал жұмылдырылды, жеке құрам тартылды. Оқиға орнында 13 техника мен 70 адам жұмыс істеп жатыр», — деді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қайрат Шаймарденов.

Өрттің шығу себептері, зияны анықталып жатыр.

Сондай-ақ, ведомство өрттен 47 жастағы мұғалім зардап шеккенін растады. Куәгерлердің айтуынша, өрт мектеп бөлмелерінің бірінде шығып, кейін шатырға жайылған.

Еске салайық, өрт 21 сәуірде таңертең шыққан. Торайғыров көшесінде орналасқан төрт қабатты №28 мектеп жанып жатыр.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...