Үндістанда көпір құлап, 90-нан аса адам қаза тапты

Үндістанның Гуджарат штатындағы Морби қаласына жақын маңдағы Маччху өзенінің үстіне 140 жыл бұрын салынған аспалы көпір құлап, 90-нан аса адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі The Times of India басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қаза тапқандар саны 100 адамнан асуы мүмкін. Қайғылы оқиға жексенбі, 30 қазанда кешке болған. Апат кезінде көпірде бес жүзге жуық адам болған, оның көбі әйелдер мен балалар.

Болжам бойынша, көпірдің конструкциясы жиналғандарды көтере алмаған.

Оқиға орнында құтқарушылар тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Ондаған адам ауруханаға жеткізілді.

ХІХ ғасырда салынған көпір бірнеше күн бұрын ғана жөндеуден кейін ашылған болатын. Бұл ретте, жекелеген БАҚ-тың мәліметінше, ол тиісті рұқсат құжаттарсыз қолданысқа берілген.

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...

Адалдық, кәсібилік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі

Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және...

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...