Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің абыройы мен құқықтық мәдениетінің, ұлттық қауіпсіздік пен әскери рухтың негізі

Мемлекеттілік пен егемендіктің мызғымас діңгегі – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының Ата Заңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп тайға таңба басылғандай айқын белгіленген. Құқықтық мемлекет құру мен заң үстемдігін қамтамасыз етуде мемлекеттік тілдің стратегиялық маңызы ерекше. Әсіресе, сот төрелігін жүзеге асыру, әскери ортада тіл саясатын жүйелі түрде іске асыру және мемлекеттік аппаратта құжат айналымын толықтай қазақ тіліне көшіру – заңдылық пен ұлттық қауіпсіздіктің өзекті кепілі болып табылады.

Елімізде қабылданған «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама» негізінде «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамдық санаға сіңіру, азаматтардың құқықтық мәдениеті мен тілдік сауаттылығын арттыру басты стратегиялық бағыт ретінде айқындалған.

Сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің стратегиялық маңызы мен құқықтық негіздеріне тоқтала өтсек, Сот билігі – Конституцияға, заңдарға және халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды мақсат ететін біртұтас мемлекеттік биліктің тармағы. Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану – жалаң формальды талап емес, бұл азаматтардың сот төрелігіне деген сенімін нығайтатын және сот актілерінің заңдылығын қамтамасыз ететін стратегиялық фактор.

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес, азаматтық істер бойынша сот іс жүргізуі мемлекеттік тілде жүргізіледі, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен орыс немесе басқа тілдер қолданылады. Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қоюдың қай тілде берілгеніне байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Осылайша, талап арыз мемлекеттік тілде түскен жағдайда, іс бойынша процестік әрекеттердің барлығы мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс.

Сондай-ақ, әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте де сот ісін жүргізуде әрбір азаматтың өз ана тілінде сөйлеуіне, процестік құжаттарды сапалы аудармада алуына және аудармашының тегін көмегін пайдалануына толық кепілдік берілген.

Адамның тегіне, ұлтына немесе тіліне байланысты кез келген кемсітушілікке конституциялық деңгейде тыйым салынған. Сондықтан сот өндірісінде мемлекеттік тілдің беделін көтеру – әрбір азаматтың Конституциямен қорғалған құқықтарын әділ әрі ашық қорғаудың негізі болып табылады.

Әскери ортада тіл саясатын насихаттау және ұлттық қауіпсіздік мен әскери рухтың байланысыны тоқталсақ, әскери қызмет – бұл мемлекеттің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен мемлекеттік шекарасын қорғауға бағытталған мемлекеттік қызметтің айрықша түрі. Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті болып табылады.

Әскери салада мемлекеттік тілді кеңінен қолдану мен тіл саясатын насихаттау ұлттық қауіпсіздік пен әскери рухты нығайтудың тікелей құралы болып табылады.

Әскери ортадағы бірыңғай тілдік орта:

Әскери тәртіп пен субординацияны күшейтеді.

Командирлер мен бағыныстылар арасындағы бұйрықтар мен өкімдердің мемлекеттік тілде нақты әрі дәл орындалуын қамтамасыз етеді.

Әскери-патриоттық тәрбиенің негізін қалайды.Заңнамаға сәйкес, әскери-патриоттық тәрбие – азаматтардың бойында отаншылдық сезімін, біртұтас елге қатыстылықты және конституциялық міндеттерді орындауға дайындықты қалыптастырады.

Жеке құрамның жауапкершілігін көтереді. Әскери ант қабылдау, жарғыларды зерделеу және жауынгерлік даярлық шаралары мемлекеттік тілде жүргізілгенде, әскери қызметшілердің рухы мен елге деген адалдығы арта түседі.

Әскери соттар жүйесінде де мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу мен мемлекеттік тілді насихаттау бойынша тұрақты негізде іс-шаралар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады. Мысалы, Алматы гарнизонының әскери соты мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі стратегиялық маңызын «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы контексінде талқылап, әскери ортада тілдік тәрбиені жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Іс қағаздарын және ішкі құжат айналымын мемлекеттік тілге толық көшіру – мемлекеттік аппараттың, соның ішінде сот әкімшілігі мен әскери басқару органдарының басты міндеттерінің бірі. Алайда, құжат айналымын 100% қазақ тіліне көшіру барысында кездесетін негізгі мәселелер мен оларды шешу тетіктері төмендегідей:

Сот шешімдері мен әскери-қызметтік құжаттарда заңнамалық терминдердің дәл және бұрмаланбай қолданылуы өте маңызды. Осы орайда, сот жүйесінде «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот актісі» сияқты байқаулар өткізіліп, судьялар мен мамандардың құқықтық-тілдік біліктілігі арттырылуда.

Мемлекеттік органдарда, оның ішінде сот әкімшілігінде процестерді цифрландыру және «Төрелік» сияқты ақпараттық жүйелер арқылы құжаттарды электронды форматқа көшіру мемлекеттік тілдегі іс қағаздарын жылдам әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.

«Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдамаға» сәйкес, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтармен қарым-қатынаста мемлекеттік тілді мінсіз меңгеріп, заңдылық пен сыпайылық стандарттарын көрсетуі тиіс.

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің абыройы мен әділдігінің басты кепілі, сондай-ақ әскери ортадағы ұлттық рух пен қауіпсіздіктің берік діңгегі. Сот өндірісінде мемлекеттік тілді толыққанды қолдану, әскери бөлімдерде тіл саясатын белсенді насихаттау және іс қағаздарын 100% қазақ тіліне сапалы түрде көшіру – заң үстемдігі салтанат құрған Әділетті Қазақстанды құрудың басты шарты болып табылады.

Нұрланова Айдана Нұрланқызы, Алматы гарнизонының Әскери сот әкімшісінің бас маманы-сот отрысының хатшысы

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Халық сенімін ақтайтын қызметкер болуымыз қажет

       Ең бастысы әр қызметкер өзінің қарапайымдылығын алға ұстап,...

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...