Халық сенімін ақтайтын қызметкер болуымыз қажет

       Ең бастысы әр қызметкер өзінің қарапайымдылығын алға ұстап, адмагершілігмен, мейірімділігімен, адалдығымен ерекшеленуі керек. Бұл халықпен жұмыс жасайтын орындарда таптырмас құндылық. Қазіргі телефон соққанда автомат жауап беретін, адам адаммен емес, телефонмен отыратын, техналогиялық заман болса да адамның осы құндылықтары бойында болса, жұмыстың да абыройы  артатыны сөзсіз.

      Алдыңғы мақалаларда айтқандай мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасқан кезде айлығым 4000 теңгеге де жетпейтін болатын. Міне мемлекеттік қызметте жұмыс жасап келе жатқаныма 25 жылдан асты. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қызметте  көптеген  өзгерістерден өттім.

       Бұл жерде айтқым келетіні жұмыс үшін алатын айлығым аз болса да, екі еселеп жұмысты сапалы жасап, сол алған аз ақшаны адал тауып, қанағат еттім. Себебі қанағатпен келген табыс берекелі болады.

       Сонымен қатар қызметке орналасқан мемлекеттік қызметкер шыдамдылықты, сауаттылықты, білімділікті, тәртіптілікті, жан-жақтылықты, ізденушілікті, талапкершілікті, жауапкершілікті, адамгершілікті бойына енгізуге тырысқанда ғана жұмыс сапасы көтерілетініне көзім жетті.

        Енді осы қасиеттерге бөлек тоқталып өтсек, «Шыдамдылық» –бұл адамға баға жетпес қасиеттің бірі. Қандай қиын жағдайға төтеп беру, шыдай білу, барлық ауыртпалыққа төзе білудің өзі көп қиындықтан өткізеді.  «Шыдамдылықтың дәмі ащы –жемісі тәтті» -дегендей, қиындықтан сүрінбей өткеннен кейін ғана оған өзіңнің шыдамдылығың арқылы қол жеткізгеніңді байқайсың.

       Ал «Сауаттылық, білімділік» –бұл әрине жұмыстың негізгі бағыты. Хатқа дұрыс жауап беру, әр тапсырманы орындау кезде барлық жағынан мұқият болу, келген хаттарды, құжаттарды бір көргеннен түсіне білу. Оны тереңінен зерттеп, оң және сапалы нәтиже беретін бағытта жұмыс жасап, жұмыс сапалығын көтеру.

      Мемлекеттік қызмекер тарапынан «Тәртіптілік»  бар болса, мемлекеттік қызметкердің жұмыстан кешігу, киім үлгісін ұстамау, оқыс қылықтар жасау сияқты бұзушылықтар болмайды. Жұмыс реті де өз тәртіптілігін сақтайды.

       Сонымен қатар  «Жан-жақтылықты, ізденушілікті, талапкершілікті» бойына сіңірген адам, жұмыстың жаңа бағытқа, жақсы, ыңғайлы өзгерістер енгізугде сапасын көтереді.   

       «Талапкершілік, жауапкершілік» -қызметкердің жұмысты уақытынан кешіктірмей орындауына қол жеткізеді.

        Алайда барлық жоғарыда көрсетілген қасиеттері бар қызметкердің адамгершілігі жетіспесе, ол өте қиын жағдай. Адамгершілік –бұл сыйластық, жан ашырлық, адам жанын түсіне білу, қайырымдылық, имандылық. Ол дегеніміз- мемлекеттік қызметкер барлық жағдайларда қарапайымдылықты сақтау керектігі. Себебі, тек қарапайымдылықты сақтай отырып қана, біз  халыққа бір қадамға болса да жақындай түсеміз.

         Жоғарыда келтірілген қасиеттердің қаншалықты көмектескеніне өзім куә.

        Сондықтан осы жазып отырған мақалам жағадан жұмысқа орналасып жатқан қызметкерлерге көмектеседі деген ойдамын. Ұзақ жыл мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға көмектесетін  құндылықтар жұмысқа орналасқан жас мамандарға серіктес болатынына сенімдімін.

                               Г. Ходжабекова, Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...