Маңғыстаудағы жерасты мешіттері бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді

Корея Республикасының Пусан қаласында 19 шілдеден бері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 48-ші сессиясы өтіп жатыр. 29 шілдеге дейін созылатын бұл шарада 196 елдің ішінен сайланған Бүкіләлемдік мұра комитетінің 21 мүшесі қай жаңа нысандарды Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу керектігін анықтап, бұрыннан тіркелген нысандардың сақталуын бақылайды.

Бұл жиында Бүкілəлемдік мұралар тізімі Қазақстандағы жаңа аталымдағы бес нысанмен толықты. «Маңғыстаудың жерасты мешіттері жəне олармен сабақтас нысандар» деп аталады бұл аталымға Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата, Сұлтан ене жəне Бекет ата секілді бес киелі кешен енді. 2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Маңғыстаудың бірегей табиғи келбеті мен тарихи-мəдени мұрасын əлемге кеңінен танытуды жəне өңірдегі жерасты мешіттерді ЮНЕСКО-ның Бүкілəлемдік мұралар тізіміне енгізу жұмысын бастауды тапсырған болатын. Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің хабарламасы бойынша, Бүкілəлемдік мұра комитеті нысанның (II) жəне (III) критерийлер бойынша айрықша əмбебап құндылығын мойындады. Комитет Маңғыстауда сопылық дəстүр мен көшпелі мəдениеттің сан ғасырлық сабақтастығы нəтижесінде қалыптасқан бірегей киелі кеңістіктің əлемдік мəдени мұра үшін маңызын атап өтті. Əрбір кешеннің құрамына жерасты мешіттері, қорымдар, сопылық ілім өкілдерінің кесенелері мен жерлеу орындары, зиярат жолдары, киелі құдықтар жəне діни мəні бар өзге де нысандар кіреді. Бұл орындар ғасырлар бойы үзілмеген рухани дəстүрдің сақталуына ықпал етіп, бүгінге дейін зиярат етушілердің маңызды орталығы ретінде маңызын жоғалтқан жоқ. Сонымен қатар киелі орындарды күтіп-баптап, олардың сабақтастығын жалғап келе жатқан шырақшылық дəстүрі де сақталған. Бес кешеннің барлығы мемлекет қорғауында жəне Республикалық маңызы бар тарих жəне мəдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Оларды ұзақ мерзімге сақтауды қамтамасыз ету мақсатында 2027–2032 жылдарға арналған кешенді басқару жоспары əзірленіп жатыр. Құжатта ескерткіштерді сақтау, киелі тарихи-мəдени кеңістікті қорғау, келушілер ағынын тиімді ұйымдастыру, ықтимал қатерлердің алдын алу жəне ғылыми зерттеулер жүргізу мəселелері қамтылған. Жалпы 1972 жылы Бүкілəлемдік мұра конвенциясы қабылданғаннан бері Бүкіəлемдік мұра тізіміне 170 елден 1 248 мəдени, табиғи жəне аралас нысан енген болатын. Оған Қазақстаннан бұған дейін 3 аталым бойынша – 2003 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі; 2004 жылы Таңбалы археологиялық петроглифтері жəне «Жібек жолы: Чанъанъ-Тянь-Шянь дəлізі бағыттары желісі» бойынша Ақтөбе, Ақыртас, Қарамерген, Қаялық, Қостөбе, Құлан, Өрнек, Талғар компонттері енген еді.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...