Ксения Собчак Ресейден кетті

Ресейлік тележүргізуші Ксения Собчактың коммерциялық директоры Кирилл Суханов бопсалау бойынша қамауға алынды. Собчак мұны «редакцияға жасалған қастандық» деп бағалап, Ресейден кетіп қалған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«112» Telegram арнасының мәліметінше, тергеу Кирилл Сухановты «Ростех» басшысы Сергей Чемезовтен 11 миллион рубль (шамамен 83,6 миллион теңге) бопсалады деп айыптап отыр. Бұл айыпқа Telegram-арнасындағы Чемезовқа арналған жазбаның жойылуы себеп болған.

Тергеушілердің айтуынша, Суханов ВЧК-ОГПУ Telegram-арнасы жариялаған жазбаны алып тастау үшін Чемезовтың өкілдерінен ақша талап еткен. Ол жазбада ресейлік миллиардер Андрей Бокарев туған күнін қалай атап өтетіні, ал құрметті қонақтардың қатарында Сергей Чемезов пен Григорий Лепс бар екені айтылады. Жазба 22 қазан сағат 19:19-да жарияланып, төлем туралы келісім жасалғаннан кейін, жойылған.

«Коммерциялық директорымыз Кирилл Суханов қамауға алынды. Оған бопсалау бойынша айып тағылды. Кімнен? Неліктен? Қандай «Ростех»? Не, Чемезов? Мұның бәрі сандырақ. Бұл менің редакцияма, Ресейдегі соңғы тегін редакцияға жасалған қастандық екені анық», — деп жазды Ксения Собчак Telegram-арнасында.

Ал «Три сестры» Telegram-арнасы Ксения Собчактың Беларусь-Литва шекарасын кесіп өткені туралы видео жариялады.

Собчак кететіні туралы ештеңе айтқан жоқ.

Ресейлік БАҚ Ксения Собчак жедел іздестіру қызметкерін шатастыру үшін Дубайға, одан кейін Түркияға ұшақ билеттерін сатып алғанын жазды.

«Ксения Собчакты ұстау үшін жедел іздестіру қызметкерлері ол Ресейден ұшпақ болған Внуково-3 әуежайына аттанған. Дегенмен, ол елден Минск, Литва арқылы кеткен», — деп хабарлайды Baza Telegram-арнасы.

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ ТӘРТІБІ – ХАЛЫҚПЕН ТИІМДІ БАЙЛАНЫСТЫҢ НЕГІЗІ

      Мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттарының бірі – азаматтардың...

ПОЛИЦИЯ ҮЙІНІҢ АЛДЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАРАМСЫЗ ДӨҢГЕЛЕК ЖИНАП, ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері өңірдегі тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Тілді құрметтеу – ұлтты, елді құрметтеу. Қазақ тілі –...

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...