«Кәсіби заңгер, нағыз мемлекетшіл тұлға еді»: Мәжілістің экс-депутаты Землянов қайтыс болды

Белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Валерьян Янович Землянов өмірден өтті. Ол ұзаққа созылған науқастан 83 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Валерьян Землянов 1943 жылы 5 мамырда Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Березовка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын педагогика саласында бастап, кейін өндіріс пен мемлекеттік қызметте түрлі жауапты лауазымдарды атқарды.

1995-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің І шақырылым депутаты болып сайланып, Мәжілістің экономика, қаржы және бюджет комитетінің хатшысы қызметін атқарды. 1999-2004 жылдары Батыс Қазақстан облысынан ІІ шақырылым Мәжіліс депутаты болды. Әр жылдары мемлекетшіл ұстанымымен, өткір әрі мазмұнды баяндамаларымен танылды.

Мәжіліс депутаты Марат Башимов марқұм туралы естелігінде оның білімге құштар әрі принципшіл азамат болғанын атап өтті.

«Бүгін ұзаққа созылған науқастан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің белгілі бұрынғы депутаты Валерьян Янович Землянов өмірден өтті. Қазіргі жастар оны көп біле бермеуі мүмкін, алайда өз уақытында ол өте танымал тұлға болды. Мемлекетшіл азамат ретінде жарқын баяндамаларымен ерекшеленетін.

1999-2000 жылдары 13 депутат Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де заңгерлік білім алуға шешім қабылдады. Сол кезде мен конституциялық құқық пәнінен сабақ бердім әрі оның дипломдық жұмысына жетекшілік еттім.

Валерьян Яновичтің конституциялық құқық теориясын терең меңгеруге ұмтылғаны таңғалдырмай қоймайтын. Ол күрделі дипломдық тақырып таңдап, жұмысын өзі жазды және бүкіл кафедра алдында қорғап, күрделі сұрақтар қойылуын қалаған еді», – деп жазды Марат Башимов.

Валерьян Янович үш жоғары білім алған. Ол математика пәнінің мұғалімі, экономист және заңгер-құқықтанушы мамандықтарын тәмамдаған.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...