Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Қандай да бір халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналылығы, кең мағынасында сауаттылығы соның тіл мәдиенетімен, сол тілдің қолданыс ауқымындылығының кеңдігімен өлшенеді. Мемлекеттік тіл мемлекеттік маңызды мәселе болғандықтан, ол азаматтық, патриотизм, мәдени тұтастық сияқты ұғымдармен тығыз байланысты. Түптеп келгенде, ол өңірдің, елдің ұлттық қауіпсіздігі, әлеуметтік тұрақтылығы мен интелектуалды даму мәселесі де. Сонымен бірге , мемелекеттік тіл- мемлекеттің бет-бейнесі, туы, Елтаңбасы, Әнұраны сияқты рәмізі болып табылады.  Мемлекеттік тіл – сол елдің халқын біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден-бір құрал. Бір тілде сөйлемеген біріге де алмайды, өздерін бір шаңырақтың мүшесімін деп те сезіне алмайды. Тілдің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда.

Мемлекеттік тілдің абыройын асқақтату – әрбір қазақстандықтың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт-санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.

«Тіл туралы» заңдағы «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» – деген. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп анық жазылған, Ата Заңымыздан туындаған «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында да осы жағдай берік ресми түрде ғана қамтылған.

Тілдің бүгінгі таңда өзекті орны бар, ол әр азаматқа тән мемлекеттің абыройы мен егемендігінің сақталуының маңызды тұтқасы болуы. Біз қазіргі әлемде болып жатқан үлкен өзгерістерге куә болудамыз, сол себептен бүгінгі таңда жас ұрпақтардан бастап елге деген патриоттық сезім, ана тілдің қорғау, мемлекеттік тілді дамыту, насихат жолымен абыройын көтеру әр қайсымызға байланысты.

Бүгінгі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа жолдауындағы басым бағыттарының бірі мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту мәселесі мұқият назарда тұр.  Президенттің бастамасын жалғастыру, халықтың игілігіне қызмет етуді мақсат еткен, әрбір мемлекеттік қызметшінің парызы деп білеміз.

Басым бағытымыз, болашақ ұрпақтардың алдында мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктету, ақпараттандыру саласында қолдануын ұлғайту болып табылады. Бір орында тұрып қалмай, ары қарай жоғарыда аталған пәрменді қадамдарды жалғастырған жағдайда да ғана оңды нәтижесін көре аларымыз анық.

Анара Якупқызы Ахметова, Орал қаласының №2 соты әкімшісінің жетекші маманы

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Ата-ана құқықтары мен міндеттері

Отбасы қоғамның негізгі әлеуметтік институты болып табылады. Әрбір баланың...

Қылмыс және жаза тағайындау

Сот қылмыстың ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын, қылмыстың қайталануын...

СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: КӨМЕКШІ МЕ, ӘЛДЕ БАЛАМА МА?

Цифрландыру дәуірі адамзат қызметінің барлық саласын түбегейлі өзгертіп, заң...