Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін ең өзекті мәселелердің бірі. Ол қоғамдағы әділдік қағидаларын бұзып, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін төмендетеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Қазіргі таңда елімізде жемқорлықтың алдын алуға бағытталған көптеген заңдар қабылданып, арнайы мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, цифрлық қызметтердің үлесін арттыру және қоғамдық бақылауды күшейту – осы бағыттағы маңызды қадамдар.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жастардың рөлі ерекше. Жас ұрпақ адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаларын берік ұстанса, қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік мәдениеті қалыптасады. Білім беру ұйымдарында құқықтық сауаттылықты арттыру, адал еңбек пен парасаттылық құндылықтарын насихаттау – болашақтың кепілі.

Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, өз құқықтары мен міндеттерін жақсы білуі қажет. Жемқорлық фактілеріне бейжай қарамай, олар туралы тиісті органдарға хабарлау – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес. Бұл – әрбір азаматтың адалдығы мен жауапкершілігіне байланысты ортақ іс. Адал қоғам құру арқылы ғана еліміздің тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатының артуына қол жеткізе аламыз.

М.Алиякбаров, Жалағаш аудандық сотының бас маманы сот приставы

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...