Халық сенімнен биік мәре жоқ

Ұлттық статистика бюросы, 2026 жылғы сәуір-мамыр айларында жүргізілген халықтың құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне сенімділік деңгейін зерттеудің нәтижесін жариялады. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыс тырғанда халық сенімі – өртке қарсы қызметке 79,9-дан 85,6 пайызға; полицияға 64,4-тен 72,2 пайызға; прокуратураға 65,2-ден 70,1 пайызға; сот жүйесіне 60,5-тен 69,7 пайызға; сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 51-ден 57 пайызға; экономикалық тергеу қызметіне 47,2-ден 53,7 пайызға өскен.

Дүниежүзілік əділет жобасының (WJP) соңғы 2025 жылғы 28 қазанда жарияланған Заң үстемдігі индексі бойынша Қазақстан жаһандық деңгейдегі 143 елдің ішінде – 66, ал Шығыс Еуропа жəне Орталық Азия аймағындағы 15 мемлекеттің арасында 5-орыннан көрінген еді. Егер заң үстемдігі əлем елдерінде алдыңғы жылмен салыстырғанда 57-ден 68 пайызға дейін төмендегенін еске алатын болсақ Қазақстандағы халық сенімінің өсуін көңіл жұбатарлық көрсеткіш деуге болады. Қазақстандық құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің алдында тұрған ендігі басты міндет ішінара сенетіндердің сенімін арттырып, əлі де күмəнданатын, сенбейтін жəне жауап беруге қиналатындардың үлесін əлі де азайту болмақ. Өйткені ішінара сенетіндердің үлесі қазір өртке қарсы қызметте – 12,4 %, сот жүйесінде – 22,7 %, полицияда – 22,9%, прокуратурада – 23,8%, экономикалық тергеу қызметінде – 25,2%, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте – 26,9 % болып отыр. Сотќа сенбейтiндер – сот ж±мысын бiлмейтiндер Зерттеу кезінде сот жүйесінің органдарына сенбеу себептерін респонденттердің 25,5 пайызы бұл құрылыммен ешқашан кездескен емеспін деп көрсеткен. Олардың өздерімен ешқашан кездеспей тұрып, қызметіне сенімсіздік тудыруына не түрткі болып отырғанын анықтау сот жүйесі органдары үшін бүгінгі күннің басты мəселесі болуы тиіс. Өйткені, сауалнамаға қатысқандардың 23,7 пайызы судьялар атқарушы билік пен құқық қорғау органдарына тəуелді десе 22,8 пайызы оларды сыбайлас деп санайтынын, ал 19,2 пайызы судьялардың кəсібилік деңгейі төмен деген пікір қалдырған. 13,1 пайызы бұдан бұрын кездестік жəне оң нəтиже болмады десе, 10,6 пайызы өздерінің бұл көзқарасына бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) мəліметтері түрткі болғанын айтса, 10,5 пайызы судьялардың сот тəжірибесіне күмəн келтірген. Сондай-ақ 7,6 пайызы сот органдарына қорқыныш сезімінің барын айтқан. Мемлекет басшысы 30 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекеттік биліктің жаңа құрылымын қалыптастыру туралы айтқан кезде: «Елімізде жүргізілген реформалардың ең басты нəтижесі – азаматтардың маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісіне қатыса алуы. Халықтың өз ықтиярын тікелей білдіру тетігі отыз жылға жуық уақыт бойы қолданылмай келді. Тек соңғы жылдары ғана саяси тəжірибемізге енді. 2022 жылдан бері ел тағдырына əсер ететін маңызды мəселелер бойынша үш рет жалпыұлттық референдум өтті. Бұл орайда менің ұстанымым бұрынғыдай: елдегі өзгерістердің иесі халық болуға тиіс. Алайда билік нақты бастамалар көтере алады əрі солай болуы керек. Қазірдің өзінде елімізде жүзеге асырылған реформалар билік институттарының орнықты тежемелік жəне теңгерім жүйесін қалыптастырды, мемлекеттік басқару сапасын арттырды деп сеніммен айта аламыз. Ал реформалардың басты мақсаты – халықтың əл-ауқатын арттыру, өңір тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту. Бұл үшін Үкімет, заң шығарушы орган, тұтас қоғам жұмыла еңбек етуі қажет», деген еді. Яғни, құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне деген халық сенімін арттыруда қоғам мүшелерінің азаматтық белсенділігі маңызды рөл атқарады. Бұл үшін ешкім ешкімнен, ешқандай органнан қорықпай тек заң мен тəртіпке үміт артып қана қоймай, оған өзі де атсалысуы қажет.

Қанат ЖҰМАБАЙ, Халықаралық адам құқықтарын қорғау комитетінің Қазақстандағы өкілдігінің кеңесшісі:

– Қазақстанда сот жүйесі мен құқық қорғау органдарына халықтың сенімі – құқықтық мемлекеттің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Сенім тек қабылданған заңдардың сапасына ғана емес, олардың əділ əрі біркелкі қолданылуына байланысты. Халық сенімін қалыптастырудың негізгі жолдары төмендегідей. Соттардың тəуелсіздігін нақты қамтамасыз ету жəне олардың қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу, заң үстемдігі қағидатын қатаң сақтау, барлық азаматтың заң мен сот алдында тең болуын қамтамасыз ету судьялар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кəсібилігі мен адалдығын арттыру сот процестерінің ашықтығы мен жариялылығын кеңейту, сот шығарған актілерінің уəжді əрі түсінікті болуын, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстану жəне құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету. Азаматтардың арыз-шағымдарын уақытылы əрі объективті қарау. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің азаматтармен қарым-қатынас мəдениетін жақсарту жəне адам құқықтарын құрметтеу. Сот шешімдерінің міндетті түрде орындалуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, сот істі қоғамдық пікірге емес, тек Конституцияға, заңға жəне іс бойынша зерттелген дəлелдемелерге сүйене отырып қарап шешім шығаруы тиіс. Тек заңдылық, əділдік жəне объективтілік қағидаттары сақталған жағдайда ғана халықтың сот жүйесі мен құқық қорғау органдарына деген сенімі нығаяды. Бұл қағидалар ҚР Конституциясының заң үстемдігі, адам құқықтарын қорғау жəне сот тəуелсіздігі туралы ережелеріне сəйкес келеді. Олар іс жүзінде толық сақталған сайын азаматтардың мемлекетке жəне оның құқықтық институттарына деген сенімі де арта түседі. Қорыта айтқанда, сот жүйесіне деген сенім «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» қағидасына сүйеніп адал қызмет ету керек! Халық сеніміне ие болу үшін, құқық қорғау органдарының кез келген қызметкері өзінің ісіне адал болып, ол адам құқықтарының сақшысы жəне сенімді серігіне айналуды мұрат етіп қызметін атқару қажет.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...