«Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Ләззат Жүнісова «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін ол «Қазмедиа орталығы» ЖШС Бас директоры болған.

1991 жылы Семей технологиялық институтын «Экономист» мамандығы бойынша, 2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

Л.Жүнісова Еңбек жолын 1996 жылы «Қазақстан» ҰТА-да бастаған.

2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма мүшесі қызметіне тағайындалды.

2009 жылы «Arna Media Production» ЖШС директорының орынбасары, 2010 жылдың маусымында «Телевизиялық жаңалықтар агенттігі» ЖШС директоры, 2010 жылдың 1 желтоқсанынан «Евразия+ОРТ» ЖШС бас директоры болды.

2012-2018 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылдың мамыр айынан «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы ЖШС Бас директоры болды.

1

ТҰРҒЫН ҮЙДЕН ШЫҒАРУ: ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ЖӘНЕ АТҚАРУШЫЛЫҚ ТӘРТІП

Тұрғын үй – әрбір азаматтың өміріндегі маңызды әлеуметтік құндылықтардың...

АУМАҚТАН ТЫС СОТТЫЛЫҚ: СОТ ТӨРЕЛІГІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛ

Сот жүйесінің тиімді жұмыс істеуі азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігімен...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР – ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

Қазіргі таңда мемлекеттер арасындағы өзара байланыс экономикалық, саяси және...

ЕНУ впервые стал координатором проекта Erasmus+ CBHE

Евразийский национальный университет им. Л. Н. Гумилева впервые выступил...

ЕҰУ алғаш рет Erasmus+ CBHE жобасының грант иеленушісі әрі үйлестірушісі атанды

         Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алғаш рет...