Елімізде такси жүргізушілері мен курьерлер әлеуметтік пакет алады

Қазақстанда такси жүргізушілері мен онлайн қызмет көрсететін курьерлер үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр Әлеуметтік кодекстің ұсынылып отырған нормаларына тоқталды, оның бірі әлеуметтік тәуекелдерден сақтандыруға қатысты.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, Салық кодексіне шағын бизнестің жалдамалы қызметкерлері үшін бірыңғай міндетті төлемді енгізу бөлігінде өзгерістер енгізіліп жатыр. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап салық жүктемесін 33 пайыздан 20 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр.

«Яндекс Такси, Glovo сияқты онлайн-платформалар арқылы еңбек қызметін жүзеге асыратын тұлғалар үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл ретте салық агенттері жұмыспен қамтылған азаматтардың атынан тиісті төлемдер жүргізетін онлайн-платформалардың операторларын анықтауды ұсынады», — деді министр.

Бұдан басқа, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыруды жүзеге асыратын жұмыс берушілер үшін сақтандыру тарифтерін төмендету көзделген.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, ставкалар минималды және максималды мәндерге ие болады және бұл мәндерді таңдау өндірістегі жазатайым оқиғалардың, жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың деңгейіне байланысты болады.

«Ставкаларды төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және сақтандыру компанияларынан төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшерін кезең-кезеңімен арттырумен қатар жүретін болады. Келесі жылдан бастап жұмысынан айырылған азаматтарға жарналарды төлеу кезеңіне сәйкес МӘСҚ-дан алты айға дейінгі бұрынғы табысының 45 пайызы мөлшерінде төлемдер көзделген», — деп қосты ол.

Научный журнал ЕНУ вошел в международную базу данных

Научный журнал Turkic Studies Journal, издаваемый Евразийским национальным университетом...

Қазақстан ЮНЕСКО-ның Гаагадағы жаһандық форумында дінаралық диалог тәжірибесін таныстырды

 Қазақстанның форумға алғашқы қатысуы ЮНЕСКО-мен және еуропалық серіктестермен ынтымақтастық...

В Алматинской области обсудили вопросы профилактики и раннего выявления онкологических заболеваний

По инициативе Управления здравоохранения Алматинской области совместно с Фондом...

Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелері талқыланды

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Түркітілдес журналистер қоры және...

ОНЛАЙН-СЕРВИСТЕР АЗАМАТТАРҒА САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРУГЕ ЖӘРДЕМДЕСЕДІ

Мәслихат депутаттарын сайлау барысында сайлау учаскелерінде азаматтардың дауыс беруіне...