ЕҰУ-дың жас ғалымы мемлекеттік қолдау аясында пәтер сертификатына ие болды  

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жаратылыстану ғылымдары институтының биотехнология және микробиология кафедрасының аға оқытушысы, PhD Қазбек Дюсембаев жас зерттеушілерді мемлекеттік қолдау аясында пәтер сертификатына ие болған Қазақстанның бес жас ғалымының қатарына енді.

Сертификатты салтанатты түрде табыстау рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. Саясат Нұрбек қатысты. Ведомство басшысының айтуынша, жас ғалымдарды қолдау еліміздің ғылыми әлеуетін дамытуға ғана емес, олардың кәсіби өсуі мен әлеуметтік жағдайларын жақсартуға қажетті жағдай жасауға да бағытталған.

Қазбек Дюсембаев — ЕҰУ-дың «Биотехнология» мамандығының түлегі. 2016 жылы ол «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып, Австралиядағы Гриффит университетінің докторантурасында білімін жалғастырды. 2023 жылы нуттың аскохитозын диагностикалаудың озық әдістеріне арналған тақырыпта PhD докторлық диссертациясын қорғады.

Ғалымның негізгі ғылыми қызығушылықтары ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларын диагностикалауға, олардың қоздырғыштарын зерттеуге, сондай-ақ фитопатогендерді ерте анықтау және бақылаудың заманауи әдістерін әзірлеуге бағытталған. Австралияда білім алған кезінде ол нуттың саңырауқұлақ қоздырғышы Ascochyta rabiei-ді зерттеп, ауруды ерте диагностикалауға арналған биосенсорлар әзірлеумен айналысты. Ғылыми жобаларға белсенді қатысқаны үшін 2019 жылы The Crawford Fund Student Award халықаралық сыйлығына ие болды.

2023 жылдан бері Қазбек Дюсембаев ЕҰУ-да қызмет атқарып келеді. Ол университетте «General Microbiology» және «Industrial Biotechnology» пәндерін ағылшын тілінде оқытып, студенттердің ғылыми-зерттеу жобаларына жетекшілік етеді.

Қазіргі таңда ғалым Қазақстандағы нуттың саңырауқұлақ ауруларының генетикалық сипаттамасын зерттеуге арналған жас ғалымдар жобасына жетекшілік етіп, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын басқа да ғылыми жобаларға қатысады. 2024 жылы оның нуттың аскохитозын жедел анықтауға арналған зерттеуі Nature баспасының халықаралық ғылыми журналы Scientific Reports-та жарияланды.

Сонымен қатар, 2023 жылы Қазбек Дюсембаев JANA ASU грантының иегері атанды. Грант аясында ол ПТР-тестілеу әдісін қолдану арқылы алма ағашының саңырауқұлақ ауруларын жедел әрі нысаналы анықтау әдісін әзірледі.

Молодой ученый ЕНУ получил жилищный сертификат в рамках государственной поддержки

Старший преподаватель кафедры биотехнологии и микробиологии Института естественных наук...

Литературный мост между Казахстаном и Китаем

На полях 30-й Южнокитайской книжной выставки, прошедшей в Гуанчжоу,...

Дух Великой степи

В Национальном музее искусств Республики Казахстан им. Абылхана Кастеева...

Без изоляции от общества 

Учреждения уголовно-исполнительной системы Восточно-Казахстанской области – структура не закрытая...