Дикий Арманның қылмыстық тобына қатысты жаңа мәлімет айтылды

Бас прокуратура Дикий Арманның қылмыстық тобына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев қаңтар оқиғасы кезінде топ тәртіпсіздіктерге белсене қатысқанын, Арман Жұмагелдиев немесе Дикий Арманның ролі ерекше болғанын айтты.

«6 қаңтарда топ мүшелерінің бірі Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйіне ұйымдасқан түрде келген қылмыскерлерге Glock және «Макаров» тапаншаларын таратқан. Қаруланған қылмыскерлер бір уақытта ұйымдастырушы мен оның сыбайластарынан нұсқау алған. Олар сыбайластарды 10 топқа бөлді, олардың жоспарланған қылмыста ролі болды. «Жауаптылар» тағайындалып, оларға ұйымдастырушылар оқ өтпейтін кеудеше, басты қорғайтын құралдар, атыс қаруы және 200 мың теңге берген», — деді Шалабаев.

Оның айтуынша, қарапайым сыбайластарға сойылдар және басқа да заттармен қарулану тапсырылған. Ерекше белгі ретінде барлық қылмыскердің қолында ақ таңғыш болуы керек болған.

«Қаланың түкпір-түкпірінен келген қарулы қылмыскерлердің бұл топтары 24 азаматты ұрлап әкетіп, ұрып-соғып, Ritz Carlton және «Қазақстан» қонақүйлерінің автотұрағында ұстаған. Артынша жәбірленушілер қаланың шетіне жеткізіліп, темір контейнерге қамалған. Жарақат нәтижесінде жәбірленушілердің бірі қайтыс болды», — деді ол.

Осы қылмыстарды жасағаны үшін 40 күдікті қамауға алынды. Қылмыстық топтың қалған мүшелерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...

НАСЛЕДИЕ ДЛЯ МОЛОДЕЖИ

Какими должны быть современные подходы к патриотическому воспитанию молодежи...

СОКРАТИТЬ ДЕФИЦИТ КАДРОВ

В КАЗАХСТАНЕ МОДЕРНИЗИРУЕТСЯ ПРОГРАММА ДОБРОВОЛЬНОГО ПЕРЕСЕЛЕНИЯ ГРАЖДАН В РЕГИОНЫ,...