Бір шаңырақ астындағы бірлік: Қазақстандағы ұлттар достығы

Қазақстан – көпұлтты, көпмәдениетті мемлекет. Бүгінде елімізде 130-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі. Әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір шаңырақ астында бейбіт тіршілік кешуі – ел тұрақтылығы мен қоғамдық келісімнің берік негізі.

Қазақ жері тарихтың түрлі кезеңдерінде тағдыр тәлкегімен көптеген халыққа пана болды. Сол кезеңдерден бастау алған достық пен сыйластық бүгінгі күні берік дәстүрге айналды. Қазақ халқының кеңпейілдігі мен қонақжайлығы өзге этностарды бауырына басып, олардың осы елді ортақ Отан деп тануына жол ашты.

Елімізде ұлттар арасындағы татулықты нығайту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты саналады. Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының орны ерекше. Ол этносаралық келісімді сақтауға, мәдениеттер мен дәстүрлердің дамуына, халықтар арасындағы өзара түсіністікті арттыруға қызмет етіп келеді.

Қазақстандағы түрлі этнос өкілдері өз ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтай отырып, ортақ құндылықтар төңірегінде бірігеді. Бұл – бірлік пен алуандықтың үйлесімі. Ұлттар достығы тек мерекелік шаралармен шектелмейді, ол күнделікті өмірде, еңбек пен білімде, көршілік қарым-қатынаста көрініс табады. Бір мектепте оқып, бір мекемеде қызмет етіп, ортақ мақсатқа жұмылған азаматтар ел дамуына бірге үлес қосуда.

«Бірлік бар жерде тірлік бар» деген халық даналығы бүгін де өзекті. Ұлттар арасындағы достық – мемлекеттің тұрақтылығының кепілі, экономикалық және әлеуметтік дамудың негізі. Қоғамдағы келісім мен татулық болмаса, өркендеу де болмайды.

Бүгінде Қазақстан әлемге этносаралық келісімнің үлгісі ретінде танылып отыр. Бұл – ел азаматтарының өзара құрметі мен сенімінің нәтижесі. Ортақ Отанымыздың болашағы үшін ұлтқа бөлінбей, бір ел болып өмір сүру – әр азаматтың парызы.

Татулықты ту еткен Қазақстанның басты күші – бірлігінде. Әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін ортақ құндылық – туған жерге деген сүйіспеншілік. Сондықтан ұлттар достығын сақтау мен нығайту – бүгінгі күннің ғана емес, келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кері әсер ететін,...

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...

Эксперттік қорытынды

«ADALDYQ CUP» — мемлекеттік қызметті трансформациялаудың тиімді құралы Бүгінгі мемлекеттік...

Нет коррупции!

Коррупция остаётся одной из наиболее актуальных проблем современного общества,...