Эксперттік қорытынды

«ADALDYQ CUP» — мемлекеттік қызметті трансформациялаудың тиімді құралы

Бүгінгі мемлекеттік аппараттың сапасы тек заңнамалық базаны білумен шектелмейді. Қоғамның билікке деген сенімі ең алдымен мемлекеттік қызметшінің ішкі адалдығы мен этикалық нормаларды қаншалықты ұстанатынына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, «ADALDYQ CUP» зияткерлік сайысы — дәстүрлі форматтардан бөлек, жаңаша серпін берген жоба.

Жобаның басты сараптамалық құндылығы — теоретикалық білімді нақты кейстермен (мүдделер қақтығысы, әдеп нормаларын сақтау) ұштастыруында. Интерактивті әдіс арқылы қатысушылар қызметтік жағдайларда дер кезінде дұрыс шешім қабылдау дағдысын шыңдады.

Адалдық пен парасаттылықты жай ғана құрғақ ереже ретінде емес, күнделікті қызметтік мәдениет ретінде орнықтыру — сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың ең сенімді жолы. Бұл бастама мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жауапкершілігін арттырып, ашық әрі халыққа жақын мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға жасалған нәтижелі қадам болды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Жабаева М.С.

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...