Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың халықаралық аренадағы төлқұжаты, тарихының тірі кітабы, егемендігі мен тәуелсіздігінің, құқықтық мәртебесінің нышандары.

Биыл Иранның мәдениет саласындағы жауапты органдарының шешімімен Ислам Республикасының күнтізбесінде жаңа оқу жылы мен білімнің өркендеу кезеңінің бастауы саналатын 23 қыркүйекке сәйкес келетін меһр айының алғашқы күні ресми түрде «Ұлттық ту күні» деп жарияланды. Бұл сәйкестік ұлттық бірегейлік нышанын қорғауды қалам мен кітап арқылы ел болашағын қалыптастырып жатқан жас ұрпаққа сеніп тапсыруды білдіретін терең мәнге ие.

Қазақстанның мәдени және тарихи астанасы – әсем Алматы қаласында бейбітшілік пен достық дипломатиясы миссиясын жүзеге асырып жатқан біз үшін бұл рәміздердің маңызы ерекше.

Иранның үш түсті туы Қазақстан Республикасының айбынды көк байрағымен қатар желбіреген сайын Орталық Азия мен Каспий теңізі аймағындағы екі бауырлас халықтың тамыры тереңге бойлаған қарым-қатынасы, өзара құрметі мен шынайы достығы көрініс табады. Қазақстанның ардақты халқы өз елінің туын тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықтың белгісі ретінде қалай құрметтесе, Иран халқы да ғасырлар бойы өз туымен өмір сүріп, оны ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде қастерлеп келеді.

Иран туының үш түсі көне ұлттың армандарынан сыр шертеді: жасыл түс – иран өркениетінің серпінділігі, өркендеуі мен бейбітшілік сүйгіштігінің белгісі; ақ түс – әлемнің барлық халықтарымен бейбіт қатар өмір сүрудің, достық пен татулықтың хабаршысы; қызыл түс осы елдің жері мен тәуелсіздігін қорғау жолында жанын қиған батырлардың ерлігі мен қасиетті қанын еске түсіреді. Бұл тудың нақ ортасында Иран халқының терең рухани сенімінің көрінісі болып табылатын қасиетті «Алла» жазуы мен тәухид ұраны бейнеленген.

Халықаралық конвенциялар, соның ішінде 1961 және 1963 жылдардағы Вена конвенциялары қабылдаушы елдердің аумағында тәуелсіз мемлекеттің ресми өкілдігі мен егемендігінің белгісі ретінде ту көтеру құқығын ресми түрде мойындайды.

Бүгінде Алматыдағы Иранның Бас консулдығы ғимаратының үстінде бұл тудың желбіреуі жай ғана хаттамалық рәсім емес, бұл – Иранның өзінің стратегиялық серіктесі Қазақстанмен экономикалық, мәдени және халықтар арасындағы байланысты дамытуға бағытталған мызғымас бейілділігінің белгісі.

Ұлттық ту күні – ортақ өркениеттік құндылықтарды ой елегінен өткізу үшін құнды мүмкіндік. Біз аймақ тұрақтылығының мәні ұлттық егемендік пен аумақ тұтастығын құрметтеуде, сондай-ақ дәл сол желбіреген тулар аясында бейбітшілікті нығайтуда деп санаймыз.

Осы айтулы мерекемен барша Иран халқын және дос, бауырлас Қазақстан еліндегі иран мәдениеті мен өркениетін сүйетін барлық азаматты құттықтап, екі елдің де бейбітшілік, достық пен даму байрақтарының мәңгі желбіреуін тілеймін.

Сона Ахмади – Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...

Эксперттік қорытынды

«ADALDYQ CUP» — мемлекеттік қызметті трансформациялаудың тиімді құралы Бүгінгі мемлекеттік...

Нет коррупции!

Коррупция остаётся одной из наиболее актуальных проблем современного общества,...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп, азаматтардың...

ЭКСПЕРТНОЕ ЗАКЛЮЧЕНИЕ

Статья «Прозрачность бюджетных процессов и конкурентные государственные закупки: проблемы...