Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан 108 бас мал қырылды

Қазіргі уақытта 99 тұрғын үйді су алу фактісі тіркелді. Бұған дейін сағат 13.00-дегі жағдай бойынша, БҚО-ның 172 үйі су астында қалғаны туралы ақпарат берілген болатын, комиссиялық тексерулерден кейін 99 үй су астында қалғаны анықталып, нақтыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола және Қарағанды облыстарындағы жергілікті маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде су тасқыны болды. БҚО-дағы Жәнібек ауданы Жақсыбай елдімекенін су басу салдарынан 108 бас мал қырылды. Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері сегіз елдімекенде 184 тұрғын және 15 саяжай үйлері, екі әлеуметтік нысан қызыл судың астында қалды. Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы 43 үйден су бұрылды. 841 адам алдын ала эвакуацияланды, оның ішінде 430-ы уақытша эвакуациялау пункттерінде, 411-і туысқандарына орналастырылды. Су басқан 141 тұрғын және 15 саяжай үйлері бақылауда. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Құзырлы ведомство мәліметінше, тас жолдарда барлығы 24 су тасқыны тіркелді, оның ішінде республикалық маңызы бары – төртеу, облыстық — екеу, жергілікті – 18, оның ішінде тас жолдың 14 учаскесі шайылды: республикалық – біреу, жергілікті – 13.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдардың барлық учаскелері қалпына келтірілді, облыстық және жергілікті маңызы бар 14 учаскеде су тасқыны сақталады. Өңірлер аумағында су тасқынынан туындаған ТЖ тәуекелдерін төмендету мақсатында ЖАО және ТЖМ күштерімен 719,65 мың текше метр қар суын сору, инертті материалдары бар 24 191 қап төсеу, сондай-ақ 250 шаршы метр алаңда өзендерде мұз кесу жұмыстары жүргізілді. Су тасқынына қарсы жұмыстарға ТЖМ, ІІМ және ЖАО-ның 944 адамы, 360 техникасы, 40 су сорғыш құралы және ТЖМ-нің сегіз жүзу құралы жұмылдырылды. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ведомство мәліметінше, 2 сәуірде БҚО-да су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты Маңғыстау облысынан ТЖМ құтқару бөлімшелерінің тобы жіберілді, жеке құрамнан 43 адам, төрт техника, екі жүзу құралы және алты мотопомпа берілді, олар облыстың Тасқала және Сырым аудандарында жұмылдырылды.

БҚО-ның Жәнібек ауданына шұғыл шаралар қабылдау үшін Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті МИ-8 тікұшағымен құтқарушы топ аттанды.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша алдағы тәуліктерде Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО және Нұр-Сұлтан қалаларында жаңбыр мен қар түріндегі аздаған жауын-шашын түседі деп күтіледі.

Ғарыштық мониторинг деректері бойынша, қар жабындысы бар алаң — 40%-дан аз, қар қорының басым бөлігі еліміздің орталық және солтүстік өңірлерінде байқалады.

QOSTANAI TECH Қостанай облысының цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады

Қостанай өңірі еліміздің цифрлық трансформациясындағы жетекші орталықтардың біріне айналғанын...

QOSTANAI TECH подтвердил статус Костанайской области как одного из лидеров цифровой трансформации страны

Костанай стал одной из ключевых точек технологической повестки страны...

Тергеушінің бір күні: жауапкершілік пен әділдік

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Созақ ауданы полиция бөлімінің...

Сотни тысяч жителей ЗКО ощутят эффект от проектов МЭКС

В Западно-Казахстанской области продолжается модернизация коммунальной инфраструктуры. В Уральске...

БҚО-ның жүздеген мың тұрғыны ЭКСЖ жобаларының әсерін сезінеді

Батыс Қазақстан облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Орал...