Қазақстаннан шыққан әлем чемпионы Сербиядағы турнирде жеңіліп қалды

Теміртас Жүсіпов Белградтағы Beogradski Pobednik турнирінің финалына шыға алмады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің 1/2 айналымында 51 келіге дейінгілер арасында сынға түскен жерлесіміз қырғызстандық Нұржігіт Дүйшебаевқа 4:1 есебімен ұтылды. Осылайша Жүсіпов аталмыш жарыстан кем дегенде қола жүлде еншілейтіні белгілі болды.

Еске салайық, Теміртас Жүсіпов былтыр Сербия астанасындағы әлем чемпионатында 48 келіде алтыннан алқа тағынған еді. Спорттық карьерасында Азия біріншілігінде топ жарған. Сонымен қатар, Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...