Қазақстандықтар Токио төрінде Наурыз мерекесін тойлады

Жапониядағы қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күніне орай бас қосып, Токио төрінде Наурыз мерекесін тойлады. Бұл туралы Жапониядағы қазақ қауымдастығының өкілі Әбдібек Қалибекұлы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әбдібек Қалибекұлы Жапонияда қазақ қауымдастығы құрылғанына бір жылдан асып кеткенін, алайда пандемияға байланысты жиналыс болмағанын атап өтті.

«Биыл Ұлыстың ұлы күніне байланысты тікелей атсалысып, Жапониядағы қазақтардың басын қосайын деген оймен Токиода қазақстандықтарды жинадық. 40 шақты азамат болды. Моңғолия, Қытай қазақтары да болды. Пандемияға қарамастан бәрі келді. Домбыра шертілді, күй ойналды. Қазақтың көк байрағы Токиода аспанында көтерілді. Орта Азиядағы бауырлас мемлекеттер, оның ішінде қырғыздар, өзбектер келді. Сөйтіп, кішігірім той болды. 30-ға жуық жастар келді. Жалпы жан-жақтан 80 шақты адам жиналды. Оның ішінде 95 пайыз қазақтар болды. Бәріміз бас қосып, Ұлыстың ұлы күні — Наурызды тойладық «, — деді ол.

Наурыз мерекесіне орай өткізілген іс-шараға Жапонияда жұмыс істейтін азаматтар, студенттер де қатысқан. 

«Пандемияға қарамастан, ойлағаннан да көп адам жиналды. Басты мақсат Жапониядағы қазақ қауымдастығы атынан қазақтарды бір жерге жинап, Наурыз мерекесін тойлау болды. Сол мақсат іске асып, қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр. Токиода алғаш рет Наурыз мерекесін тойладық», — деді ол. 

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...