Қазақстанда интернет толықтай өшеді деген қауіп жоқ — вице-министр

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Ресей жаһандық желіден ажыратылса, Қазақстанда интернет нашарлауы мүмкін деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ресейді жаһандық желіден ажыратса бұл бізге қалай әсер етеді, өйткені біздің интернет Ресей арқылы өтеді емес пе» — деп сұрады журналистер Мәжіліс отырысынан кейін.

Асхат Оразбек мұның қауесет екенін айтты.

«Бізге төнуі мүмкін деген қауіпті жан-жақты қарастырды. Бірақ Қазақстанда интернетке қатысты күрделі проблемалар болмайтынын түсіндік. Қазақстан интернетті тек Ресей арқылы алмайды. Яғни, Қазақстанда интернеттің толықтай жабылуы қауіп төндірмейді. Бұл үшін уайымдаудың қажеті жоқ», — деді Оразбек.

Сондай-ақ, алдағы уақытта байланыс нашарламайтыны айтылды. 

«Қытаймен қарым-қатынас бізге Еуропадан барлық трафикті алуға мүмкіндік береді», — деп қосты ол.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....