Қазақстанда инфляция бірден 12 пайызға өсті

Қазақстанда инфляция 8,7 пайыздан бірден 12 пайызға өсті. Ең алдымен азық-түлік тауарлары қымбаттады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросы деректеріне сілтеме жасап.

2021 жылғы наурызда инфляция 8,7 пайыз болған. Бюро мәліметі бойынша, 2022 жылғы наурыздың аяғында Қазақстандағы инфляция 12 пайызға дейін өскен.

«2022 жылғы наурызда тұтыну бағаларының индексі өткен аймен салыстырғанда 103,7 пайыз болды. Азық-түлік тауарлары 5,8 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 2,8 пайызға, ақылы қызметтер бағасы 1,4 пайызға өсті», — делінген хабарламада.

Жыл басынан бері тұтыну тауарлары мен қызметтерге баға мен тарифтер 5,2 пайызға, оның ішінде азық-түлік тауарларына — 8,2 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарларға — 3,6 пайызға, ақылы қызметтерге — 2,6 пайызға өсті.

Бұған дейін «Қазақстан тұтынушылар лигасы» қауымдастығының жетекшісі Светлана Романовская соңғы апталарда көп өнімдер 30-40 пайызға қымбаттағанын айтқан болатын.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...