Ауырмайтын жол ізде: скринингтің маңызы неде?

Медициналық сақтандыру қоры жыл сайын профилактикалық тексерулерге қаражат бөліп отырады. Оның ішінде, әлеуметтік маңызы бар ауруларды анықтауға арналған скринингтер де бар. Скринингтік зерттеулердің маңызы неде? Тексеруден неге уақтылы өту қажет? Тақырыпқа қатысты осы және өзге де маңызды сұрақтарға МСҚ Алматы филиалы сарапшылары жауап береді.
Мамандардың айтуынша, аурудың көбінің жазылуы қаншалықты ерте анықталғанына тікелей байланысты. Уақтылы анықталған дертті емдеу де оңай. Сондықтн бүгінгі таңда елімізде ауруды ерте анықтау мүмкіндігі артып отырғаны қуантпай қоймайды.
Мәселен, 2022 жылы Алматы қаласы бойынша сүт безі обыры скринингіне 431,9 млн теңге бөлінген, тағы 297,1 млн теңге жатыр мойны обырын анықтайтын зерттеулерге арналған. Ал, колоректальды обыр скринингіне 96,7 млн теңге жұмсалмақ.

Скрининг дегеніміз не және оның қажеті қанша?
Скрининг – ауруды және оның туындауына әсер ететін факторларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін медициналық зерттеулер жиынтығы. Тексерудің бұл түріне салалық мамандардың консультациясы мен зертханалық-диагностикалық зерттеулер кіреді.
Скрининг арқылы қандай сырқаттарды анықтауға болады?
• Зиянды әдеттерден туындайтын қауіп факторларын ерте анықтау – 30-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер
• Артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабетін ерте анықтау – аталған диагноз негізінде динамикалық бақылауға алынбаған 40-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер
• Глаукомаға тексеру (көз іші қысымын) – 40-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер
• Жатыр мойны обырын ерте анықтау – 30-70 жас аралығындағы әйелдер
• Сүт безі обырын ерте анықтау – 40-70 жас аралығындағы әйелдер
• Колоректальды обырды ерте анықтау – 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер
• В мен С вирусты гепатиттерін ерте анықтау
Сонымен қатар, профилактикалық тексерулерден 18 жасқа дейінгі балалар да өте алады. Оған баланың психофизикалық және жыныстық даму деңгейін бағалау, зорлық-зомбылық белгілері бар-жоғын анықтауға арналған тексерулер кіреді. Белгілі бір ақау табылған жағдайда салалық маманға жолдама беріледі.
Профилактикалық тексерден өтуге жолдаманы кім береді?
Скринингтен өту үшін тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерден (терапевт) жолдама алу қажет. Жас мөлшеріне қарай бекітілген скринингтерден бірден өтуге болады.
Профилактикалық тексерлер МӘМС пакетіне енген, сондықтан скринингтен өтетін азамат сақтандырылған болуы шарт.

Скринингтен өту жиілігі қандай?
Скринингтік зерттеулердің кей түрі бес жыл сайын, кейбірі – екі немесе төрт жыл сайын жасалады. Бұл мерзім әр аурудың даму қарқынына қарай белгіленген.

Скрининг нәтижесін қалай білуге болады?
Скринингтік зерттеуден өткен пациенттер денсаулығынан ақау табылған жағдайда салалық мамандардың консультациясына жіберіледі, қажет болғанда ем тағайындалады.

МСҚ Алматы филиалының
баспасөз қызметі

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...