Атырауда түнде атыс болды: үш адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

Атыраудың Авангар ауданында болған атыстың мән-жайы белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Прикаспийская коммунаға» сілтеме жасап. Бұған дейін жергілікті «Ақ Жайық» басылымы екі немесе үш адам оқ тиіп қаза болғанын, тағы біреуі жараланғанын хабарлаған. Ал Калашников автоматымен қаруланған ер адам із жасырғаны хабарланған.

Қалалық ПД мәліметінше, күдікті ұсталған. Атыста автомат қолданылды деген ақпарат расталмаған.

«15 наурызда сағат 22.10 шамасында Атырау қаласының аумағында атыс салдарынан тапаншадан атылған оқтан 1995 жылы туған және 1999 жылы туған екі ер адам қаза тапты, тағы біреуі 1995 жылы туған, ол оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жедел жұмыстар барысында оқиға орнында 1999 жылы туған ер адамның тағы бір мәйіті табылды», — деп хабарлады полициядан.

«Қылмыс жасады деген күдікпен 1993 жылы туған Маңғыстау облысының тумасы анықталып, ұсталды. Оқиға жеке келіспеушіліктен болған», — делінген хабарламада.

ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...