12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ӘСКЕРИ МОБИЛИЗАЦИЯ: ЕРЕУІЛ мен ЕЛДЕН БЕЗУ

Ресейдегі жағдай күн өткен сайын күрделене түсуде. Кремльдің Украинаға бағыттаған үш күндік операциясы жеті айға созылып, енді онда «ішінара» жұмылдыру туралы мәлімдеме жасалды. Бұл шешімді ел Президенті Владимир Путин «Отанымыздың қауіпсіздігі мен тұтастығын қорғау үшін» деп түсіндірді.

Оның 21 қыркүйектегі «жартылай жұмылдыру» туралы жарлығына орай әскери қызметке шақырылған 18 бен 60 жас аралығындағы азаматтар әскери қызметші мәртебесін алады және қолбасшының бұйрықтарына бағынады. Талапты орындамағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың айтуынша, әзірге резервтегі 300 мың ресейлікті майдан даласына шақыру жоспарлануда. Бұл хабар Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне «жұмылдыру», «соғыс жағдайы» және «соғыс уақыты» сияқты ұғымдарды енгізетін заң жобасы қабылданған күннің ертеңінде жарияланды. Кодекске бірқатар жаңа баптар қосылды: енді тұтқынға түскен әскерилерді он жылға дейін бас бостандығынан айыру, бір ай ішінде әскери қызметке келмегені үшін бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар, әскери жағдай кезінде бұйрықты орындамау, атап айтқанда ұрыс қимылдарына қатысудан бас тарту екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады. Әскерге тек запастағы және әскери борышын өтеген азаматтар ғана жіберіледі. Алайда елдегі «Бірінші бөлім» атты құқық қорғау жобасының негізін қалаушы Иван Павловтың айтуынша, жартылай жұмылдыру деп жарияланғанымен, адамдардың барлығы бұл үрдістен тыс қалмайды. «Ішінара жұмылдыру, жалпы жұмылдыру – бұл жерде айырмашылық онша көп емес. Жартылай жұмылдыру деген сөз құлаққа ғана жағымды естіледі», – дейді Павлов. Расында да, ақпарат көздерінен жұмылдыру жарияланғаннан кейін көп ұзамай ресейліктердің әскери комиссариаттардан бұйрықтар мен шақыру қағаздарын ала бастағаны белгілі болып отыр. Бұл ресейліктердің арасында дүрбелең тудырды. Өткен сәрсенбі күні Ресейдің ондаған қаласында мобилизацияға қарсы шерулер өтті. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, мыңнан астам адам ұсталған. Сонымен қатар, бұл жағдай елдегі эмиграцияның қарқын алуына алып келді. Жұмылдыру жарияланған күні визасыз елдерге әуебилеттері жаппай сатыла бастады. Тіпті сол, яғни, мобилизация жарияланған 21 қыркүйек күні авиакассаларда Мәскеуден Ыстамбұл, Ереван, Тбилиси және Белградқа билет қалмаған.

Соғысқысы келмегендер Қазақстанға да ағыла бастады. Тіпті, еліміз шұғыл ұшудың мүмкіндігі зор бағытының біріне айналды. Өйткені, Ресей батыстың санкциясында болғандықтан таңдау аз. Әсіресе, Ресейдің бес облысымен шектесетін Батыс Қазақстан облысындағы бақылау-өткізу бекетінде ресейлік көліктердің көптеп шоғырланғаны байқалды. Самара қаласы Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Оралдан небәрі 260 шақырым жерде орналасқан. Көпшілігі шекарадан жаяу өтіп, одан әрі қазақстандық такси жүргізушілерімен межелі жеріне жетуде. Жергілікті журналистер қалада күндіз ресейлік нөмірлі көліктер санының айтарлықтай артқанын хабарлап жатыр. Бұл – ресейліктер эмиграциясының екінші толқыны. Мәскеу Украинаға басып кірген 24 ақпаннан бері Ресейден кеткен азаматтардың саны артты. Содан кейін көп ұзамай Кремль оның саясатымен келіспейтіндерге қарсы репрессияны күшейтті. Батыс елдері салған санкциялардан кейін және Visa мен Mastercard ресейлік нарықтан кеткеннен кейін ресейліктер Қазақстанға және басқа да посткеңестік республикаларға интернет-дүкендердегі тауарлар мен қызметтерді төлеу үшін банк карталарын алуға жаппай келе бастаған еді. Алайда орыстар өздерін эмигрант емес, қоныс аударушылар – тұрғылықты жерін уақытша ауыстырған кәсіпкерміз дейді екен. Қазіргі әскерге шақырылудан қашып жатқан ресейліктердің бар ойы әскери комиссариаттарға шақыру қағазын алғанша бой тасалап үлгеру. Өйткені, шақыруға ілігіп кеткен жағдайда қылмыстық заң бойынша жауапқа тартылады. Келгендердің арасында Қазақстаннан тәуелсіздік таңы атқанда кеткендер де аз емес. Ресми емес дерек көздері 1,5 млннан астам ресейліктің Қазақстан шекарасынан өткенін айтуда. Алайда ҚР ҰҚК Шекара қызметі Ресейден Қазақстанға келгендердің нақты саны белгісіз екендігін алға тартып отыр. Ондағы дерек бойынша, биыл Қазақстанға 4,3 миллионға жуық шетел азаматы келіп, 4,1 миллионы кеткен, оның ішінде Ресей Федерациясының 1 миллион 660 мың азаматы бар. Билік Қазақстанда жүріп-тұру тәртібін бұзған шетел азаматтары бес жылға қайта кіруге тыйым салынып, елден шығарылатынын еске салды. Мәселен, қыркүйектің 22-сі күні Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның ресейліктерге тұруға рұқсат беруге дайын екенін, бірақ бұл үшін олардың белгілі бір талаптарды сақтауы қажеттігін айтты – Егер Ресей азаматтары Қазақстанда тұруға рұқсат алғысы келсе, ел заңнамасы талап ететін құжаттар пакетін ұсынуы керек. Бұл құжаттар тізбесі арасында адам кететін мемлекеттің келісімін талап ететін тармақ бар. Ол заңда анық көрсетілген. Егер мемлекет азаматтың елден шығуына рұқсат бермесе, Қазақстан оған тұруға рұқсат бере алмайды, – деп мәлімдеді Сенат спикері. Әйтсе де халық Ресей тарапынан басталған бұл эмиграцияға айрықша алаңдаулы. Бұған нақты себеп те жоқ емес. Олардың бастысы – бағаның күрт өсуі. Әсіресе, соңғы бір апта ішінде жалға берілетін пәтер бағасының кей өңірде 1 миллион теңгеге дейін жетуі жұртшылықтың наразылығын тудырып жатыр. Бәрімізді қиын сәтте пайда тауып қалуға тырысқандардың пиғылы шошытып тұрған жайы бар.

Олар пәтер жалдаушылардың жалынғанына қарамай жалдау құнын өсіріп, оны төлеуден бас тартқандарды қуып жатыр екен. Оңай олжаға құныққандар үшін өз қандасының мүддесінен гөрі қалтаның қамы жоғары болып тұрғандай. Такси бағасы да аспандап кетті. Таяқ тастам жер үшін әкесінің құнын сұрайтындардан айналып келгенде өз отандастарымыз зардап шегуде. Өзге де заттар мен қызмет ақысы өсіп барады. Ұялы байланыс, жанар-жағар май, құрылыс материалдары, автобөлшектер, азықтүлік, халық тұтынатын өзге де заттардың кейбірі бірнеше есеге қымбаттады. Онсыз да несиеге байланған халықтың көпшілігіне бұл ауыр соққы болуда. Ресейліктердің келуі есіктен сығалап тұрған мемлекеттік тілдің де тынысын тарылта түсетін түрі бар. Бұл жөнінде өзінің фейсбуктегі парақшасында философ ғалым Әбірашит Бәкірұлының айтқан ойы көптің көкейіндегісін дәл басады. Ол тіл жөніндегі талаптары орындалмай келе жатса да, өзінің эволюциялық өсіміне сенген халықтың соңғы үмітіне ресейліктердің келуімен қауіп төнгенін айтады. Бұл жағдайлардың барлығы, әрине, ел билігінің заңнамалық актілерді қайта қарап, бүгінгі уақыт талабына сай шаралар қабылдау қажеттігін көрсетеді.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Абай облысында тағы орман өртеніп жатыр

Бородулиха ауданындағы "Семей Орманы" МОТР филиалының аумағында орман жамылғысы аумағында өрт шыққан. Филиалдың мәліметтері бойынша, бұл аймақ батпақты жетуі қиын жерде орналасқан.

Алматыдағы атышулы автобус апаты: сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобус апатына қатысты жарыссөз жалғасып жатыр. Бүгін сотталушыға сөз берілді.

ЕГІС НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

Биыл Ақмола облысының егіншілері былтырғы қуаңшылықтан соң тұқым қорының аздығына алаңдаған еді. Бірақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін бұл мәселе оң шешімін тапқандай.

ҚҰМАР ОЙЫНҒА ТӘУЕЛДІЛЕР 400 МЫҢҒА ЖЕТТІ

Құмар ойындары қоғамның дертіне айналды. Тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да осылай демеске шара жоқ. Медицинада лудомания патологиялық өзгеріс ретінде анықталып, ем тағайындалатын болды. Біздің елімізде бұл дерттің құрығына түскендер саны 400 мыңға жетіпті.

Жаңбыр және жел: бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 26 сәуірде Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.