Елімізде бет-әлпетті тұмшалайтын киімге айыппұл салынбақ

Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін жабатын киімдер киюге қатысты жаңа талаптар бекітілді. Мәжіліс отырысында тиісті өзгерістер екінші оқылымда қабылданды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, енді бет-жүзді толық немесе жартылай жауып, тұлғаны тануға кедергі жасайтын киімдер киюге әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

Бірінші жағдайда ескерту жасалады. 

«Қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым енгізілді. Алғашқы құқықбұзушылық үшін ескерту, қайталанған жағдайда 10 АЕК (2025 жылы бұл — 39 320 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған», — деді депутат.

Қабылданған түзетулер Сенатқа жіберіледі. Егер жоғарғы палата мақұлдаса, құжат Президентке қол қоюға бағытталады. Нақты қашан күшіне енетіні белгісіз. 2026 жылы АЕК өсуіне байланысты айыппұл көлемі 43 250 теңгеге дейін артуы мүмкін.

Еске салайық, бет-жүзді жабатын киімге тыйым салу туралы ұсыныс маусымның басында Сенаттағы жұмыс тобының отырысында көтерілген болатын.

Кейінірек ішкі істер министрі Ержан Сәденов қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киюге тыйым салу туралы бастамаға пікір білдірді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.