Қазақстанның 13 өңірінде балалар әлі де үйден оқып жатыр

Қазақстанның 13 өңіріндегі 663 мектепте 6784 сынып қашықтан оқуға көшті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2 желтоқсандағы жағдай бойынша Оқу-ағарту министрлігі 663 мектептегі 6784 сыныпты қашықтан оқу форматына ауыстырды. Шектеу 13 аймаққа әсер етті:

  • Қостанай облысы — 167 мектеп, 2727 сынып;
  • СҚО — 64 мектеп, 247 сынып;
  • Ұлытау облысы — 15 мектеп, 93 сынып;
  • Маңғыстау облысы — 1 мектеп, 1 сынып;
  • Ақмола облысы — 58 мектеп, 268 сынып;
  • БҚО — 3 мектеп, 6 сынып;
  • Жамбыл облысы — 20 мектеп, 986 сынып;
  • Астана — 46 мектеп, 462 сынып;
  • ШҚО — 119 мектеп, 1034 сынып;
  • Абай облысы — 48 мектеп, 299 сынып;
  • Қарағанды облысы — 47 мектеп, 260 сынып;
  • Атырау облысы — 18 мектеп, 94 сынып;
  • Павлодар облысы — 57 мектеп, 307 сынып.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.