Қазақстанда әкімшілік әділет институты дамиды: Сенат заңды мақұлдады

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңартылған заңға сәйкес, жария-құқықтық даулардың бірқатар түрлері Азаматтық процестік кодекстен шығарылып, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қарауына беріледі. Осылайша әкімшілік әділеттің қолданылу шеңбері кеңейеді.

Аталған ауыстыру Қазақстан Республикасы Конституциялық соты қызметінің ерекшеліктерін, сондай-ақ конституциялық сот ісін жүргізу мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің заңдылығына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізудің нақты ара жігін ажырату қажеттігін ескере отырып жүзеге асырылады. Тиісті түзетулер қабылданған жағдайда, өзіне қатысты қолданылатын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт қабылданған кезде (не оның жекелеген ережелерімен) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылды деп есептейтін кез келген азамат немесе заңды тұлға мұндай актіні даулап, әкімшілік сотқа талап арызбен жүгінуге құқылы, — деп түсіндірді сенатор Мұрат Қадырбек.

Айтуынша, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелеріне міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі операторының техникалық байқау операторының құзіреттеріне қатысты өкілеттіктері бойынша «Жол жүрісі туралы» Заңға түзетулер енгізіледі.

  • Кейбір жария-құқықтық дауларды қарау тәртібі өзгеріп, олар Азаматтық процестік кодекстен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске ауыстырылады. Бұл – ведомстволық актілерді даулауға және азаматтық хал актілеріндегі жазбаларды түзетуге қатысты істер.
  • Туризм саласында лицензияны тоқтату немесе одан айыруға қатысты негіздер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстен алынып, салалық заңға енгізіледі.
  • Әкімшілік рәсімдерді жүргізудің мерзімдері мен тәртібі нақтыланады.
  • Мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы дауларды шешу құқығы Үкіметке бекітіледі.
  • Мемлекеттік органдардың нормашығармашылық қызметін ғылыми сүйемелдеу тетігі жетілдіріледі.
  • Адвокаттар, нотариустар, сот сарапшылары, жеке сот орындаушылары және осы қызметтерге үміткерлерді аттестаттаудың тәртібі жаңғыртылады.

Заңның қабылдануы сот шешімдерінің сапасы мен мемлекеттік органдар жұмысын жақсартуға оң ықпал етіп, әкімшілік әділет институтын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.