12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда байланыс сапасы үшін операторларға салынатын айыппұл 10 есе өсті

Цифрлық даму министрлігі өкілдері Қазақстанда Интернет сапасының төмендігі үшін айыппұл мөлшері қалай өзгеретінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Ол байланыс саласындағы тұтынушылар құқығын қорғауды күшейтуге байланысты.

«Тапсырманы іске асыру үшін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі депутаттық корпуспен бірлесіп, операторлардың пайдаланушыларға стандарттарға, техникалық нормалар мен сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін көрсеткені үшін жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шараларды әзірледі. Енді заңбұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторлары 100 АЕК орнына 1000 АЕК айыппұл салады, ал бір жыл ішінде қайталап заң бұзған жағдайда айыппұл сомасы 200-ден 1500 АЕК-ке дейін өседі», — делінген хабарламада.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәліметінше, байланыс сапасының нашарлығына шағымдар саны 10 есе өскен. 2021 жылдың қорытындысы бойынша министрлік 562 тексеру жүргізген (2020 жылы 51 тексеру, ал 2019 жылы 93 тексеру жүргізілді).

«Операторға қатысты байланыстың немесе Интернеттің нашар сапасына тексеру жүргізу үшін қазақстандықтар ресми өтінішті Телекоммуникациялар комитетінің (ЦДИАӨМ) не тиісті облыс министрлігінің аумақтық байланыс инспекциясының мекенжайына «электрон үкімет» порталы, «Е-Оtinish» өтініштер беру жүйесі арқылы не қағаз түрінде жолдаулары қажет. Өтініште шағымның мәнін, байланыс операторының атауын және тексеру жүргізу қажет өтініш берушінің нақты мекенжайын көрсету міндетті», — делінінген ведомство хабарламасында.

Өтінішті алғаннан кейін прокуратура органдарында тексеруді тағайындау туралы акт тіркеледі. Тексеру барысында көрсетілетін байланыс қызметтерінің сапасы бойынша өлшеулер жүргізіледі. Операторға қатысты заңбұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік хаттама жасалады.

Пробация қызметі — сотталғандарды қайта тәрбиелеуге үлесін қосу

Пробациялық бақылаудың мақсаты-заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау...

Жазаны өтеудің жеңілі – қоғамдық жұмыс

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің...

Прошел круглый стол по обсуждению проблемных вопросов

26.04.2024 года в межрайонном суде по уголовным делам г.Астаны...