Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық шахматшылармен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен және шахмат федерациясының өкілдерімен кездесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ақордаға Президентпен кездесуге әлем чемпиондары мен халықаралық гроссмейстерлер — Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нақбаева, халықаралық шебер — Меруерт Камалиденова және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен вице-президент Дәрмен Сәдуақасов шақырылды.

Мемлекет басшысы танымал шахматшы қыздарға ілтипат білдіре отырып, бұл ойынға ерекше мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның әйелдер құрамасы алдағы уақытта Үндістанда өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында табысты өнер көрсететініне сенім білдірді. Президент мектепті «Алтын белгімен» бітірген Бибісара Асаубаеваға табыс тілеп, Гүлісхан Нақбаеваны өткен туған күнімен құттықтады.

Әңгімелесу және пікір алмасу форматында өткен кездесуде ұлттық құрама көшбасшылары — Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева және Қазақстан шахмат федерациясының басшылығы сөз сөйледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде елімізде шахмат спортын дамыту, оның ішінде мемлекет тарапынан жүйелі көмек көрсету, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және шахматты жеке спорт түрі ретінде насихаттау жөніндегі қатысушылардың ұсыныстарын тыңдады.  

Президент мектеп бағдарламасына шахматты факультативтік пән ретінде қосу, Алматыда 1500 балаға арналған шахмат пен ақпараттық технологияларды тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат салу жөніндегі ұсынысты қолдады. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы кәсіпкерлер тарапынан шахмат спортын дамытуға қолдау көрсетудің маңызды екеніне баса мән берді. 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев шахмат саласын дамытуға бұдан былай да қолдау көрсететінін атап өтіп, жас спортшыларға халықаралық аренада жаңа табыс тіледі.

Қазақстандық оқушылар BilimClass журналы арқылы мұғалімдерге виртуалды гүл шоқтарын сыйлай алады

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады Оқушылар...

Казахстанские школьники смогут дарить виртуальные букеты учителям через журнал BilimClass

Электронный журнал BilimClass запустил трогательную акцию к 25 мая Школьники...

Әскери ант қабылдау рәсімі болды

2026 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі...

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан...