12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

30 мамырда Алматы метросының тағы екі жаңа бекеті ашылады

Алматы тұрғындары мен қонақтары 30 мамырда сағат 10:00-де «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» станцияларын пайдалана алады. Болашақта «Қалқаман» бекетінің құрылысын аяқтап, метроны батыс бағытта «Барлық» базарына дейін дамыту жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 мамыр күні сағат 10:00-де «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро бекеті іске қосылады. Олар қазіргі қызмет көрсетіп тұрған тоғыз бекеттің жалғасы ретінде қала орталығын жатын аудандармен байланыстырады, деп хабарлайды қала әкімдігі мен Алматы метрополитенінің баспасөз қызметтері.

Екі жаңа станция іске қосылғаннан кейін метро желісінің жалпы ұзындығы 3,1 шақырымға ұзарып, енді 13,4 шақырымды құрайтын болады.

Қозғалыс жиілігінің аралығы 7-10 минутты құрайтын төртвагонды 15 электр пойызын қосымша іске қосу жоспарланған. Қазіргі таңда метро күніне 45 мыңға жуық жолаушы тасымалдайды. Жаңа бекеттер іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш күніне 85 мың жолаушыға дейін өседі деп күтіледі.

«Мәскеуден» кейінгі «Сарыарқа» бекеті Абай даңғылы бойында Алтынсарин даңғылы мен Саин көшелерінің аралығында Family Park маңында орналасқан. Терең салынған, екі кіреберісі мен бір вестибюлі бар. Станцияда екі жеделсаты мен сегіз эскалатор орнатылған. Интерьер жасау кезіндегі негізгі идея – Сарыарқаның шексіз кең даласының әсемдігін көрсету. Қабырғалары мәрмәр тастардан құрастырылып, гранитпен өрнектелген. Шеткі жағындағы қабырғада жазық даланың үстінен шығып келе жатқан күн, оның бергі жағында Қазақстан астанасы бейнесі маңында шауып келе жатқан жүйрік аттар бейнеленген панно орнатылған.

Арнайы шара

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Бауыржан Момышұлы» бекеті Абай даңғылы бойында Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Таяз орналасқан, екі вестибюль мен алты кіреберісі бар. Бекетте алты жеделсаты мен он бес эсколатор орнатылған. Платформа ұзындығы 108 м. Алматы метро желісінің он бірінші бекет әзірге соңғы станция болып саналады.  

Бекет үлкен тұрғын алабының ортасында орналасқан. Қабырғалар мен тіреуіштерді безендіру үшін ашық реңкті маржан-сұр түсті ағаш тектес керамикалық панельдер, ал еденді қаптауға – ашық сұр түсті табиғи гранит пайдаланылған.

Болашақта «Қалқаман» бекетінің құрылысын аяқтап, метроны батыс бағытта «Барлық» базарына дейін дамыту жоспарланған.

Бұл жаңа бекеттерді техникалық іске қосу шарасы 2021 жылдың 30 желтоқсанында өтті. Метрополитеннің жаңа бекеттерінің құрылысын Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев тексерген болатын.

Бұған дейін қала әкімі Ерболат Досаев метроның жаңа бекеттері маусым айында іске қосылатынын хабарлаған болатын. Қала әкімдігінің есептеуі бойынша, жаңа екі станцияның іске қосылуы Абай даңғылындағы көлік қозғалысын едәуір азайтып, мыңдаған қала тұрғындары мен Алматы қонақтарының жол жүрісін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

О накоплении воды в водохранилищах

Задача Министерства водных ресурсов и ирригации во время паводкового...

Су қоймаларына су жинау туралы

Көктемгі су тасу кезеңінде Су ресурстары және ирригация министрлігінің...

Қызылордада жемқорлыққа қарсы волонтерлер бюджет қаражатының негізсіз жұмсалғанын анықтады

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер...

Жұмыс кеңесі өтті

Ағымдағы жылдың наурыз айында Астана қаласы бойынша ҚАЖД Байқоңыр...