12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Президент «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президентке «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын реформалаудың екінші кезеңінің жүзеге асырылып жатқаны туралы баяндалды. Бұл кезеңде негізінен портфельдік компаниялардың тиімділігін арттыруға, олардың шығындарын оңтайландыра отырып, нарықтағы құнын ұлғайтуға баса мән беріліп отыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру да аса маңызды.

Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына Қордың стратегиялық активтердегі бақылаушылық үлесін сақтай отырып, активтерді жекешелендіру бағдарламасын іске асыруды жалғастыратынын айтты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының газбен және сумен қамту, көлік және энергетика салаларындағы маңызды жобалары жөнінде мәлімет берілді. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Қор басымдық беретін жобалар тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент Қорға қарасты компаниялар тобы қызметінің тиімділігін арттыруға, соның ішінде жобаларды іске асырудың нақты мерзімдеріне және халық алдындағы ашықтықты қамтамасыз етуге байланысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Практика рассмотрения судами споров о взыскании ущерба с участием страховых компаний

В современном мирестрахование выступает в качестве системы по защите...

9 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Көкшетауда республикалық «Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде «Жасыл аймақ» акциясы кең көлемде жүзеге асырыла бастады.

День открытых дверей для представителей частного бизнеса прошел в акмолинской колонии

Одним из важных направлений в деятельности уголовно-исполнительной системы является...

ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарға көмек көрсетуде

Іле аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын, сотталған А., есепке...