12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

9 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Көкшетауда республикалық «Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде «Жасыл аймақ» акциясы кең көлемде жүзеге асырыла бастады.

Аталған игі шара аймақта «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын насихаттау, оның ішінде ағаш көшеттерін отырғызу және қаланың тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған табиғат пен су қоймаларының ластануына халықтың назарын аудару мақсатына бағытталыпты. Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығы мұрындық болған іргелі шараға мыңнан астам адам үлес қосуда. Өңірде 6 сәуірдің алғашқы аптасы «Таза өлке» атауымен басталған акция мамыр айының ортасына дейін жалғаспақ. Шараның алғашқы аптасында қаланың тазалығын қалпына келтіру, жиналған қоқыстарды жинастыру жұмыстары жүзеге асырылыпты. Сондай-ақ, қала тұрғындары, қоғам белсенділері, түрлі ұйымдар мен кәсіпорындар өз аулаларының аумақтарын тазарту жұмыстарына белсене кіріскен. Акция шарасын ұйымдастырушылардың айтуынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының әр аптасын белгілі бір тақырыпта ұйымдастыру арқылы қоғамның тазалық акциясына көбірек қатысу мүмкіндігі пайда болған. «Қаламыздың тазалығын қамтамасыз ету біздің қасиетті міндетіміз әрі парызымыз деп білу керек. Жыл сайын тұтас қоғамның осындай акцияларға белсене араласуынан тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен сана-сезімінің өзгеріп, тазалыққа мән бере бастағанын байқап жүрміз. Биылғы тазалық акциясының негізгі ерекшелігі сол әр апта белгілі бір тақырып аясында жүзеге асырылуда. Мәселен, «Таза өлке» аптасында қала тұрғындары, қоғамның белсенді өкілдері, түрлі мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ ірі кәсіпорындар өз аулаларындағы аумақты тәртіпке келтіріп, қоқыстарын жиыстырып тазартып шықты. Ал «Киелі мекен» атауымен басталған акцияның екінші аптасы қаланың белгілі тарихи-мәдени ескерткіштерінің маңын абаттандыруға бағытталды. «Жасыл аймақ» атты бүгіннен басталған тазалық аптасында қаланы көгалдандыру, ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарына баса назар аударылмақ. Сол сияқты алдағы жоспарланған «Өнегелі ұрпақ» аптасы аясында соғыс ардагерлері мен көнекөз қариялардың үйлері мен қарттар үйлерін тазарту және абаттандыруды ұйымдастыру көзделіп отыр. «Мөлдір бұлақ» аптасында жоспарланған акцияның соңғы аптасында қала аумағына кіретін өзендер мен көлдердің маңын қоқыстан тазарту жұмыстары ұйымдастырылмақ. Шараның негізгі мақсаты қала тұрғындарының, әсіресе жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты аялау арқылы патриоттық құндылықтарға көңіл бөлу, сонымен қатар «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға бағыттау болып отыр», – дейді «Таза Қазақстан» акциясын ұйымдастырушылардың бірі, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Дастан Ермеков. Акция шеңберінде ұйымдастырылған жалпы қалалық сенбілікке елге белгілі қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар мен мекемелер, қаланың түрлі кәсіпорындары мен ұйымдары, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері мен ерікті азаматтар белсене қатысты. Шара барысында «Бұқпа» орман шаруашылығы аумағындағы 2 гектардан астам аумаққа 9 мың данадан астам шырша көшеттері отырғызылыпты. «Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Жастар – ресурстық орталығы» және «Қоғамдық даму орталығы» бірлесе отырып, Республикалық «Таза Қазақстан» челленджінің аясында, «Жасыл аймақ» экологиялық акциясы шеңберінде Көкшетау қаласы, «Бұқпа» орман шаруашылығы аумағының маңында ағаш отырғызу шарасын ұйымдастырған еді. Экологиялық маңызы аса жоғары шараға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы қызметкер​​​​​​​лері, облыстық мәслихат депутаты Омар Шоназаров, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау жоғары медициналық колледжінің студенттері және басқа да еріктілерден құралған 100ден астам адам қатысты. Жалпы аумағы 2 гектардан астам аумаққа 9 мыңға жуық жас шырша көшеттері отырғызылды», – дейді Ақмола облысы «Жастар – ресурстық орталығы» мен «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесінің басшысы Дидар Ахметұлы. Бұдан бөлек «Жасыл аймақ» акциясы аясында қаланың түрлі ұйымдары мен мекемелерінің қатысуымен 260 дана ағаш көшеттері отырғызылып, Бұқпа тауының айналасы, Щучинск және Омбы трассасының бойындағы, сол сияқты қаланың ішкі бөлігі қоқыстан тазартылған. «Қала аумағын тазарту акциясына 770 адам қатысты. 590 дана қарағай көшеттері отырғызылып, 80 текшеге жуық қоқыс жиналды. Сондай-ақ, 450 ағаштардың түбі мен 1400 метр бордюр әктелді. Тазалық акциясына белсене қатысқан облыстық әкімдік пен мәслихат ұжымдары мен мемлекеттік мекемелерге, облыстық экология департаментіне, аумақтық жануарлар және өсімдіктер дүниесі инспекциясына, көшет отырғызу материалдарымен қамтамасыз етуге көмек көрсеткені үшін «Көкше Тазалық», «Зерен Плюс – 2006», «ГМК Қазақ Алтын» акционерлік қоғамы, «Көкшетау Жолдары» ЖШС-і, «Көкшетау минералды сулары» АҚ-ы кәсіпорындарына ерекше алғыс білдіреміз. Акция қатысушыларын тасымалдауды «Көкшетау автобус паркі» ЖШС-і мен «Bus Kokshe» ЖШС ұжымдары қамтамасыз етті», – дейді Көкшетау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінен. Алдағы уақытта акция шеңберінде ағаш отырғызу жұмыстары Ақмола облысы орман шаруашылығы басқармасы және қала студенттерімен бірлесе отырып жалғастырылмақ.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Осужденные женщины сыграли спектакль

В учреждении №10 Департамента УИС по г. Алматы, Алматинской...

Сотталған әйелдер әртістерге спектакль қойды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің...

Ерлер-жердің қорғаны, елдің тұтқасы

Қызылорда облысы бойынша Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне...

Семейде №19 мекеме қызметкерлері тыл ардагерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №19 мекемесінің қызметкерлері...