Ақтөбе — Хромтау — Қарабұтақ тасжолын жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ тасжолы учаскелерінде қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары қашан аяқталады? Tengri Аuto анықтап көрді.

Жүк тасымалдаушылар Ақтөбе – Хромтау – Қарабұтақ жолын Самара – Шымкент бағытындағы ең қиын учаске деп атайды. Бар болғаны 202 шақырымдық учаскені жүріп өту үшін оларға алты сағаттан аса уақыт қажет.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, учаскеде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Қазіргі уақытта жоспарланған 66,1 шақырымның 38 шақырымы орындалды. Бұл жұмыстарға үш бригада, 65 техника және 84 жұмысшы жұмылдырылды. Жұмыстарды шілденің аяғына дейін аяқтау жоспарланған», — деп хабарлады » ҚазАвтоЖол.

Қазіргі уақытта тасжол екі жолақты. Ұлттық компания мәліметінше, келесі жылы тасжолды қайта жөндеу және төрт жолақтыға ауыстыру жұмыстары басталады.

«2025 жылы аталған учаскені бірінші техникалық санатқа ауыстыра отырып, оны қайта жаңарту бойынша жұмыстарды бастау жоспарланған. Қазіргі уақытта халықаралық қаржы институттарымен қажетті қаражатты бөлуге қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады компания.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.