Қазақстандықтардың ең төменгі жалақысы тағы өсуі мүмкін 

Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның сөзінше, бүгінде еңбекақы қорының қосылған құндағы үлесі шамамен 30,6%-ды құрайды, ал орташа және медианалық жалақы арасындағы айырмашылық 39,2%-ға жеткен.

Бұл мәселелерді шешу үшін ең төменгі жалақыны арттыру, жалдамалы қызметкерлердің табысын өсіру, азаматтық қызметшілердің жалақысын көтеру, табиғи монополия субъектілерінің өндірістік персоналының орташа жалақысын ұлғайту және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақысын әр үш жыл сайын индекстеу көзделген, — деді вице-министр. 

Сонымен қатар әлеуметтік әріптестіктің жүйелі шаралары да қарастырылған.

Бұл мәселе көптен бері көтеріліп келеді. Мен осы брифингте де бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтқанмын. Біз ең төменгі жалақыны көтереміз. Әрине, ең төменгі жалақы мөлшері бюджет үдерісіне тікелей әсер етеді, – деді Азамат Әмрин.

Оның айтуынша, түпкілікті шешім бюджет мүмкіндігіне байланысты болады.

Қазір біз 2027 жылдың бюджетін қалыптастыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қорытынды нәтижелер 1 тамызда белгілі болады. Сол уақыттан кейін 2025 жыл бойынша түпкілікті статистикалық деректерді аламыз, сондай-ақ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары да қолымызда болады. Мұның бәрі 2027 жылға арналған бюджет кірістерінің болжамын қалыптастырудың негізі саналады. Яғни дәл сол кезде бюджеттің ең төменгі жалақыны қаншалықты арттыруға мүмкіндік беретінін нақты түсінетін боламыз, – деді ол. 

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.