Алтынның биржадағы құны күрт төмендеп жатыр 

Comex (Нью-Йорк тауар биржасының бөлімшесі) алаңында 2026 жылғы тамызда жеткізілетін алтын фьючерстерінің бағасы 24 қарашадан бері алғаш рет бір трой унциясы үшін 4100 доллардан төмен түсті.

Oxu.Az басылымының сауда алаңы деректеріне сілтеме жасап жазуынша, Қазақстан уақыты бойынша сағат 01:05-тегі жағдайға сәйкес, бағалы металдың құны 4,4 пайызға төмендеп, бір трой унциясы үшін 4097,7 доллар болды.

Сағат 01:11-де төмендеу қарқыны күшейіп, баға бір трой унциясы үшін 4092,3 долларға дейін түсті (минус 4,53 пайыз).

Бұған дейін Қазақстанда ломбард қызметіне сұраныс артқаны хабарланған болатын. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) мәліметінше, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ломбардтардың үлесіне микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар активтерінің 13,1 пайызы тиесілі болған. Ақшалай мәнде бұл шамамен 0,4 триллион теңгені құрайды.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.