Мемлекет болашағы үшін ортақ жауапкершілік: AMANAT «Әділет» партиясына қосылуды қолдады 

Астанада өтіп жатқан AMANAT партиясының XXVI съезінде AMANAT-тың «Әділет» партиясына қосылу бастамасы айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Съез жұмысына қатысқан бірқатар депутат партияны қосылуды қолдады. Съезде Саяси кеңес пен Орталық бақылау-тексеру комиссиясының жұмыс қорытындыларын қарап, партия қызметінің алдағы бағыттарын талқылады.

Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко жаңа Конституция елдің одан әрі дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырғанын айтты. Сонымен қатар ол реформалардың табысты болуы көбіне олардың өңірлерде жүйелі әрі дәйекті жүзеге асуына байланысты екенін атап өтті. Оның сөзінше, мемлекеттік институттардың, саяси партиялардың және азаматтық қоғамның күш-жігерін жалпыұлттық міндеттер төңірегінде біріктіру, жауапкершілік пен ынтымақты сақтау ерекше маңызға ие.

Өз кезегінде Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының мүшесі Нұрсұлтан Байтілесов елде жүргізіліп жатқан реформалар жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашқанын айтты. Оның пікірінше, бүгінде жастар қоғамдық бастамаларға ғана емес, заң шығару үдерісіне де белсенді араласып келеді. Ол жастарды саяси жаңғыру мен Қазақстанның одан әрі дамуының негізгі қозғаушы күштерінің бірі деп атады.

Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы медициналық орталығының директоры, бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлмира Сағидуллина бастауыш партия ұйымының әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асыру, отбасыларды, жастарды, ардагерлерді және ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау бағытындағы жұмыстары туралы айтты.

Съез қатысушылары реформаларды одан әрі жалғастырудың, қоғамдық келісімді нығайтудың және мемлекет пен азаматтардың мүддесі жолында күш-жігерді біріктірудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ аманаттықтар AMANAT партиясының «Әділет» партиясымен бірігуі туралы мәлімдеме жасап, бұл қадам елдің стратегиялық даму міндеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстан құру жолында жинақталған тәжірибе мен кадрлық, қоғамдық әлеуетті күшейтуге мүмкіндік беретінін айтты.

Фото:https://orda.kz/

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.