«AMANAT» партиясы: Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары тағайындалды

«AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Динара Сәдуақасова «AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат Институты директорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды аталған партияның баспасөз қызметі.

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі «AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат Институты директорының орынбасары болып тағайындалды

Динара Сәдуақасова 1988 жылы 5 қазанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «халықаралық қатынастар» және «халықаралық құқық» (магистратура) мамандықтары бойынша білім алған. 2012 жылы Ресей халықтар достығы университетінің заң факультетін бітірді, ал 2018 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «халықаралық құқық» мамандығы бойынша PhD ғылыми дәрежесін алды. Ол Халықаралық, соның ішінде Кембридж университетінде бірқатар ғылыми тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкер болып бастады. Динара Сәдуақасова әр жылдары «Қазақстандық халықаралық құқық қауымдастығы» ҚБ атқарушы директоры, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ директоры болған.

2015 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы қызметін атқарған.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...