Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

9 сәуір күні Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді. Оған коммуналдық қызметтердің 2000-нан астам қызметкері қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігі таратқан ақпарат бойынша, қысқы кезеңнен кейін қала аумағын, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, скверлерді, аулаларды, сондай-ақ сауда объектілеріне, қоғамдық тамақтану орындарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды тазарту жоспарлануда.

Жаппай ағаш отырғызу да  жоспарда бар.

Қала аудандары бойынша сенбілік өтетін орындар:

  1. Алатау ауданындағы «Сосновый бор» экопаркінде жаппай ағаш отырғызу және іргелес жасыл аймақтардағы аумақты жинау жоспарланған.
  2. Алмалы ауданында сенбілікті Сайран көлінің шығыс жағалауында жаппай өткізу жоспарланған.
  3. Әуезов ауданында – Сайран көлі мен Үлкен Алматы өзенінің батыс жағалауында Жандосов көшесінің оңтүстігінде. 
  4. Бостандық ауданында – Абай даңғылының бөлу жолағы бойынша.
  5. Жетісу ауданында — Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойында.
  6. Медеу ауданында – «Восточка» ТК артындағы Казачка өзенінің, Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойында, ШААЖ-нан Диваев көшесі бойымен «Таулы қырат» кентіне дейін.
  7. Наурызбай ауданында – Қарғалы өзені аумағындағы Абай даңғылы және Байбақ батыр көшесінің солтүстігіндегі Қарғалы өзенінің айналасы.
  8. Түрксіб ауданында – Петрозаводская және Майлин көшелеріндегі жыралардың бойы. Қалада сенбілік 19 наурызға жоспарланған. Бірақ ауа райына байланысты кейінге қалдырылған болатын.

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер...