Алматыда банк кеңесшісі клиенттерді алдағаны үшін ұсталды

Алматыда екінші деңгейдегі банктердің бірінің клиенттерін алдаған 2000 жылы туған қыз ұсталды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram-парақшасында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздың қылмыстық әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында банкке тағылымдамадан өтуші ретінде жұмысқа орналасқаны анықталды. Ол банк кеңесшісі болған. Оның міндеттеріне клиенттердің смартфондарына мобильді қосымша орнату және оның банк карталарының ресурсына бекіту кірген.

Ол кейбір жағдайларда өзінің смартфоны арқылы жеке кабинет ашқан. Ал мұны клиенттің камерасы бейнетексерістен өтпейтініне байланысты деп түсіндірген. Бұл банк қызметкеріне клиенттердің жеке деректерін білуге мүмкіндік берген. Содан кейін клиенттердің жеке деректері мен құпия сөздерін қолданып, қосымшаға кіріп, олардың шоттарынан ақша алған. Көбінесе ол басқа адамдардың карталарына ақша аударып отырған.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабында көзделген «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріледі.

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ ТӘРТІБІ – ХАЛЫҚПЕН ТИІМДІ БАЙЛАНЫСТЫҢ НЕГІЗІ

      Мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттарының бірі – азаматтардың...

ПОЛИЦИЯ ҮЙІНІҢ АЛДЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАРАМСЫЗ ДӨҢГЕЛЕК ЖИНАП, ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері өңірдегі тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Тілді құрметтеу – ұлтты, елді құрметтеу. Қазақ тілі –...

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...